RU
Қызылордада уақыт бір сағат кейінге шегерілді
Жаңалықтар Қоғам

Қызылордада уақыт бір сағат кейінге шегерілді

Рассказать Вконтакте

20 желтоқсаннан 21 желтоқсанға қараған түні Қызылордадағы облыстық алаңда ресми түрде уақыт бір сағатқа кері шегерілді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Үкіметтің 2018 жылдың 7 желтоқсаны күні қабылдаған қаулысына сәйкес бүгінгі түннен бастап 10 жыл бұрын Астана уақытына ауыстырылған Қызылорда "өз уақытына" қайтып келді.

Ал сағатты ауыстыруға жарты сағат қалғанда алаңда жергілікті әртістердің қатысуымен концерт өткен. Бұл шараға қала тұрғындары, жастар, мемлекеттік қызметкерлер қатысқан.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Алғашында қимылсыз тұрған жұрт сәлден соң 15 градус аязда тоңбас үшін билей бастапты.

Жиылғандардың көбі сағаттарын бір сағатқа кейін шегеріп қойғанымен, екіншілері оның ауыстырылмауы мүмкін деп үміттенген көрінеді.

Соңғы екі минутта облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов сөз сөйлеп, уақыттың ауыстырылуы халық денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігіне оң әсерін тигізетінін айтты.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ал әлеуметтік желідегі Қызылорда топтарында сағат ауыстырылуы ең өзекті мәселе болды.

"Енді 13 жыл бойы Астана уақытынан қалып отырамыз", "Жұма көрініп жатыр ма?", Адамдарға кедергі болған осы, сағаттың айырмашылығы ма? Адамдар өз-өздеріне мәселе туындатады дейді. Енді тұрғындар билет сатып алу және басқа мәселелерде қиналатын болады. Астана уақыты ыңғайлы еді", "Қызылордада 25 сағаттық тәуліктер басталды" деді желі қолданушылары.
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
2
3
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel