RU
Келіннің жүгін көрсеткен жеңгелер жұртты таңғалдырды
Жаңалықтар Қоғам

Келіннің жүгін көрсеткен жеңгелер жұртты таңғалдырды

Рассказать Вконтакте

Жаңа түскен келіннің артынан алып келген жүгін көрсеткен жеңгелер жұрттың қызу талқысына түсті. Қоржын-қоржын дүниені көрген көпшілік kazakh.toy парақшасында жарыса пікір қозғады деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Видеодан бір топ орамалды әйелдерді көруге болады. Олардың барлығы жаңа түскен келіннің артынан келген дүниені көруге жиналған.

Келіннің көрпе-төсегі мен киімдерін кезек-кезек көрсеткен жеңгелерді біреулер қолдаса, екінші желі қолданушылары сынап тастаған.

"Мынау не масқара?", "Аста-төк дүниені, киімді сол келін қолданса жақсы ғой", "Бекерге шашылу ғой, мына тірліктері", "Мына қойылымның барлығы не үшін істеліп жатыр?", "Осындай салттарды түсінсем бұйырмасын" деп жазды келіспейтіндер.

Ал қолдаушылар қатары "Бұл бұрыннан келе жатқан ырым", "Қазақ қызын ослыай ұзатқан", "Мұның еш айыбы жоқ", "Артынан келген дүние келген қыздың абыройы ғой" деп жарыса жазды.

Айта кетейік, видеоның еліміздің қай өңірінен түсірілгені белгісіз.

Сіздің реакцияңыз
13
4
4
3
2
17
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel