RU
Дубайға демалуға барған қазақстандық инсульттан көз жұма жаздады
Жаңалықтар Қоғам

Дубайға демалуға барған қазақстандық инсульттан көз жұма жаздады

Рассказать Вконтакте

Шиняевтар отбасы теңіз жағасында демалу үшін бірнеше жыл бойы ақша жинап, Дубайға аттанған. Бірақ сапар барысында отағасы инсульт алып, демалыс қайғылы аяқтала жаздаған. Дәрігерлердің уақытында көрсеткен көмегі ер адамның өмірін сақтап қалған деп хабарлайды "Хабар 24" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ

tripmydream.com

Көрнекі фото:tripmydream.com

Қазақстандық Михаил Шиняев жұбайымен шетелге саяхатқа барғанында ауқымды инсульт алған.

Дәрігерлердің шұғыл көмегінің арқасында олар ер адамның өмірін сақтап қана қоймай, аурудың салдарын да болдырмаған.

Дегенмен қазақстандық азаматтың қиындықтары мұнымен аяқталмаған. Ауруханадан шығатын кезде ер адамға сақтандыру компаниясының сақтандыру мерзімінің аяқталуына байланысты ем-дом ақысын төлеуден бас тартқанын хабарлаған.

Науқастың әйелі бөтен елде қомақты ақша төлеуге міндетті болып қалған.

Лидия Шиняева мәселені қалай шешерін білмей қиналған шағында оған Біріккен Әмірліктегі қазақстандық диаспора көмекке келген.

Оқиғаның мән-жайын білген отандастары қысқа уақұыт аралығында Михаилдың еміне қажетті ақша сомасын жинап берген.

Күйеуі емделіп жатқан кезде Лидияға Дубайда тұрып жатқан қазақстандықтар тұратын жер ұсынып, азық-түлікпен қамтамасыз еткен.

Ауруханадан шыққаннан кейін диаспора өкілдері ерлі-зайыптыларға науқасты тасымалдалуына атсалысып, қайтар жолдың билеттерін алуға да қол ұшын созды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel