RU
Азаматтық авиация түлектері жұмыссыз жүргендері үшін Тоты Әмірованы айыптады
Жаңалықтар Қоғам

Азаматтық авиация түлектері жұмыссыз жүргендері үшін Тоты Әмірованы айыптады

Рассказать Вконтакте

Азаматтық авиацияның 37 түлегі ААК төрағасының орынбасары міндетін уақытша атқарушы Тоты Әмірованы жұмыссыз жүргендеріне кінәлап отыр. Қазақстандық ұшқыш-әйел түлектердің ұшу сертификаттарының шынайылығына күмән келтіріп, 40 адамның бейресми "қара тізімге" енуіне себепші болған. Бұл туралы "Время" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

time.kz, postila.ru

Фото: time.kz, postila.ru

Осыдан бұрын Тоты Әмірова берген азаматтық авиация академиясының дипломдары заңсыз екендгі туралы ақпарат тараған болатын. Сол себепті құжат күшін жойған.

"Время" басылымының хабарлауынша, құжат 2000 жылы берілген. Азаматтық авиация комитетінің шенеунігі төрт жыл оқуға тиіс болған, бірақ ол колледжді екі жылда тәмәмдаған.

Бұл мәліметтердің жария болуы қоғамда шу тудырды. Қазақстандықтар әлі де Тоты Әмірованың қалайша осында жоғары лауазымда отырғандығына таңғалуда.

Басылымның редакциясына азаматтық авиация комитетінің түлектері келген. Олардың екеуі ААК төрағасының орынбасарының 37 адамның тағдырына қалай әсер еткендігін айтып берді.

Академияның түлегі Нұрсұлтан Дәулетбаевтың айтуынша, өткен жылы тамыз айында үшінші курс студенті мен нұсқаушы ұшақ апатынан қайтыс болған. Сол оқиғадан кейін азаматтық авиация комитеті Training Center Part-FCL оқыту орталығында ұшуға тыйым салған.

Дегенмен оқыту бағдарламасы бойынша студенттер бір моторлы ұшақпен 67 сағат, екі моторлы ұшақпен 13 сағат ұшуға тиіс. Қазақстанда тәжірибе жинау мүмкін болмағандықтан, академия студенттердің барлығын шетелге жіберген.

Тағы бір түлек Темірлан Зейненовтың хабарлауынша, оларды Болгарияға барған. Бірақ онда қолайсыз ауа райы болғандықтан, олар тек бір ұшақпен ұшып көрген. Одан кейін оларды Испанияға жіберіпті.

Қалған ұшу сағаттарын студенттер осында толтырған екен. 2018 жылдың ақпанында Алматыға оралып, түлектер мемлекеттік емтихандар тапсырып, ұшқыш лицензияларын алған.

Жігіттердің айтуынша, әдетте лицензия бір айдың ішінде беріледі екен. Ал бұл жолы үш ай өтсе де, ААК ештеңе түсіндірмеген.

Нұрсұлтанның сөзінше, ол құжаттарды бірінші болып тапсырғандықтан, лицензиясын алыпты. Ал қалған адамдардың көпшілігі құжаттарын ала алмаған. Топ старостасы болғандықтан, ол бірнеше түлекті жанына ертіп, лицензияға қатысты ақпарат алу үшін Астана қаласына барған.

Жас жігіттер инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбекпен кездескен. Кездесуге министрдің орынбасары Роман Скляр және Тоты Әмірова да қатысқан.

Дәулетбаев жігіттермен ААК төрағасының орынбасары сөйлескенін мәлімдеді.

"Тоты Әмірова біз екі моторлы ұшақпен ұшпағанымызды, Испанияда ондай ұшақтар жоқ екенін алға тартты", - деді Темірлан Зейненов.

Комитетте студенттер тәжірибеден өткен Болгариядағы орталыққа да сұрақтары туындаған екен.

Бірақ жігіттердің сөзінше, олар Болгарияда ұшып үлгерген. Мұны дәлелдейтін суреттері, сертификаттары бар екен. Нұсқаушылар да олардың сөздерін растап отыр.

Дегенмен бұл дәлелдер Тоты Әмірованы көндіре алмаған. Олар онымен бірнеше рет кездесіпті. Кездесудің біреуі Алматы қаласында “ҚазАэроНавигацияда” өткен. Ол кездесуге барлығы 37 адам қатысыпты.

Алғашында ол кездесуге орынбасарын жіберген. Алайда түлектер оның өзі келгенін талап еткен.

"Келесі күні ол біз отырған бөлмеге кіре салып, бізге айғайлай бастады: “Маған бұйрық беретіндей сендер кімсіңдер? Құжаттарыңмен айналысуға мен міндетті емеспін!" деп айғайлады", - деді Нұрсұлтан.

Ақыр соңында тамыз айында құжаттары беріліпті. Оларды алу үшін түлектер тағы да Астанаға барыпты.

"Әмірованың кабинетіне барғанымда маған: “Сен бәрібір ұшпайсың. Ұшуға рұқсат алу үшін менің алдыма келесің, сол кезде рұқсат бермеймін”, - деді. Шынымды айтсам, ол маған көп нәрсе айтты, ол сөздерді айтудың өзі ыңғайсыз. Оған салсақ, мен ауылда қой бағуым керек екен", - дейді Дәулетбаев.

Ең қызығы қолдарында лицензиялары болса да, түлектерді жұмысқа алмай жүр екен.

Темірлан Зейненовның айтуынша, осы 40 адамды біреу бейресми "қара тізімге" енгізіп қойған.

Түлектер үлкен әуекомпанияларына жұмысқа орналасуға барғанда, олар құжаттарды қабылдап, жұмыс істеуге лайық екендерін алға тартады екен. Ал тексеруден кейін ААК оларға ұшуға тыйым салғанын айтады екен.

Қазіргі таңда ең дұрыс нәрсе, авиакомпанияда тағы екі жыл оқып, содан кейін ғана жұмысқа орналасуға тырысу. Бірақ студенттер осы оқуды аяқтауға бес жылдарын сарп еткендерін айтып, күйінуде.

Қолдарында дипломдары бар ұшқыштар осындай күй кешіп жүргендеріне бір жыл болыпты. Нұрсұлтан оларды жалған сертификаттар жасатты деп айыптап отырғандарын баса айтып өтті.

"Бірақ оны шетелде берсе, мұны біз қалай істейміз?", - дейді ол.

Олар Тоты Әміроваға сертификаттарды тексеруді ұсынған, бірақ ол бұл ұсынысты қабылдамапты.

Түлектер комитет пен академияның арасындағы даудың құрбандары болғандарына сенімді. Енді сол үшін үйде отырып, біліктіліктерінен айырылуға мәжбүр. Әмірованың өзінің де дипломы жарамсыз екені анықталған. Өзінің құжаттары дұрыс емес бола тұра, шенеунік әйел неге өздеріне шүйліккенін түлектер ұқпай отыр.

"Время" басылымының хабарлауынша, Тоты Әмірова жағдайға қатысты пікір білдіруден үзілді-еслді бас тартқан.

Бұл ақпататты көшіру және қолдану "Издательство Время" ЖШС рұқсатымен ғана мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
7
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel