RU
31 градус аяз: Астана саршұнақ аяздың құрсауында қалды
Жаңалықтар Қоғам

31 градус аяз: Астана саршұнақ аяздың құрсауында қалды

Рассказать Вконтакте

Бүгін Астанада ертемен сынап бағанасы -31 градус аязды көрсетті. Елордада 1-9 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылып, тұрғындарға қала ішінде жүріп-тұру қиындай түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Саршұнақ аяз әсіресе таңғы уақытта күшейе түсті. Қалада термометр көрсеткіштері – 31 градус аязды көрсетіп тұрды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қатты аяздан қала ішіндегі тіршілік саябырсып, ойын алаңдары мен аулалар бос қалды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Күшті аяздың салдарынан қаладағы бақтар да ақ ұлпаға оранды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Десе де, үй аулалары мен қала көшелері көктайғақтан көз ашпауда. Себебі, ауа температурасы өткен аптада ғана орташа деңгейдегі салқындықты көрсетіп тұрған еді. Сол себепті, коммуналдық қызмет қызметкерлері көшедегі мұзды ойып әлек.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Естеріңізде болса, бұған дейін синоптиктер Астана қаласы, ШҚО, Қарағанды және Ақмола облыстарында қатты аяз болады деп ескерткен еді.

Сондай-ақ Қарағанды, Астана, Қостанай өңірлеріндегі мектептегі оқудың тоқтағанын хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel