RU
Трамп Пентагон басшысы Джеймс Мэттисттің жұмыстан кететіні туралы хабарлады
Жаңалықтар Әлемде
BBC Русская Служба

Трамп Пентагон басшысы Джеймс Мэттисттің жұмыстан кететіні туралы хабарлады

Рассказать Вконтакте

АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттистің ақпан айында жұмыстан кететіні туралы президент Дональд Трамп хабарлады. Мэттис Ақ үйде Трамп президент атанған 2016 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істейді деп хабарайды Русская служба Би-би-си сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: GETTY IMAGES

Фото: GETTY IMAGES

Меттистің жұмыстан кететіні туралы Трамп "Твиттер" желісінде хабарлады.

"Соңғы екі жылда қорғаныс министрі болған Генерал Джеймс Мэттис ақпан айының соңында зейнетке кетеді. Джеймс мырзаның қызметі уақытында үлкен жетістіктерге жеттік, соның ішінде әскери техникаларға көптеп сатып алдық", - деді АҚШ президенті.

Мэттистің өзі президентке жолдаған хатында зейнетке шығаруды емес, жұмыстан босатуды сұраған.

"Қорғаныс министрін ауыстыру сіздің құзыретіңізде болғандықтан, жұмыстан кетуімді дұрыс шешім деп ойлаймын. Қызметімнің соңғы күні 2019 жылдың 28 ақпаны. Сізде менің орныма басқа қызметкерді орналастыратын уақыт бар", - деп жазды қорғаныс министрі.

Қорғаныс министрінің жұмыстан кетуі туралы мәлімдемесі Трамптың Сириядағы "Ислам мемлекеті" (көптеген елдерде лаңкестік деп танылып, тыйым салынған, соның ішінде Ресейде бар) тобын жеңу және америкалық әскерді сол жерден алып шығу туралы баяндамасынан бір күн өткен соң айтылды.

Сондай-ақ Wall Street Journal газеті, Си-эн-эн телеарнасы және Рейтер агенттігі Ақ үй Ауғанстандағы америкалық контингенттердің санын қысқарту жоспарын қарастырып жатыр деп хабарлаған болатын.

2001 жылдан жалғасып келе жатқан операция аясында 14 мың әскерилер қатысуда.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel