RU
600 мың теңге: Күйеу жігітіне несие алып берген бойжеткен сан соғып қалды
Жаңалықтар Қоғам

600 мың теңге: Күйеу жігітіне несие алып берген бойжеткен сан соғып қалды

Рассказать Вконтакте

Күйеу жігітіне 600 мың теңге несие алып берген ару тақырға отырды. Оның бір жарым жыл көңіл қосқан сүйіктісі ақшаны алған соң ұшты-күйлі жоғалып кеткен деп жазады alashainasy.kz сайты.

Көрнекі фото: ogetnews.info

Көрнекі фото: ogetnews.info

Осы жылдың қысында үйленуге ұсыныс білдірген азамат бір күні бойжеткеннен несие алып беруін сұраған. Көлік сатумен айналысатын ғашығына толық сенген ару оның қолына ойланбастан 600 мың теңге ұстатқан екен.

Алайда өмірлік серігі боламын деп жүрген жігіт ақша алған соң ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Не істерін білмеген бикеш несиені әлі күнге дейін өзі төлеп жүргенін айтады.

Ал жігіттің ағасы мен қарындасы бұл іске жігітіне несие алып берген қыздың өзін кінәлап отырған көрінеді.

Сіздің реакцияңыз
3
4
5
7
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel