RU
Ақтөбеде бетперде киіп алған қыздар мектеп оқушысын соққының астына алған
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде бетперде киіп алған қыздар мектеп оқушысын соққының астына алған

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе қаласында бетперде киіп алған төрт қыз қаладағы №55 мектептің тоғызыншы сынып оқушысын аяусыз соққыға жыққан деп хабарлайды Актобе Таймс сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Ақтөбе газеті

Көрнекі фото: Ақтөбе газеті

Оқиға 12 желтоқсан күні кешкі сағат алты шамасында орын алған.

Бетперде киіп алған оқушы қыздар №55 мектептің тоғызыншы сынып оқушысын аяусыз соққылаған. Қыздардың мұндай әрекетке неге барғаны белгісіз.

Шабуылдың салдарынан 14 жастағы қыз басынан ауыр соққы алған. Медициналық тексерістен соң дәрігерлер жәбірленушіні үйіне жіберген.

Ақтөбе облысының полиция департаменті аталған оқиғаның болғанын растап отыр.

"Оқиғаның мән-жайы тексерілуде", - деді тәртіп сақшылары.
Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel