RU
Алматы облысында оқушыларды ғана тонаған 35 жастағы ер адам тұтқындалды
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында оқушыларды ғана тонаған 35 жастағы ер адам тұтқындалды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында тек қана оқушыларды тонаған 35 жастағы ер адам ұсталды. Азамат жеткіншектердің ұялы телефондарын тартып алып жүрген. Бұл жөнінде облыстық полиция департаменті мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Nashgorod

Фото: Nashgorod

Іле ауданының полиция бөлімшесіне бір оқушының анасы шағым түсірді. Әйел адам белгісіз ер адам оның ұлының ұялы телефонын ұрлап кеткенін хабарлаған.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен тәртіп сақшылары 35 жастағы ер адамды тұтқындады. Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас екі оқиғаға қатысы бар екенін анықтаған. Ал ұрланған телефондар алып-сатарлардан табылып, тәркіленген.

Полиция тұтқындалған ер адамның осыған дейін де бірнеше рет жауапкершілікке тартылғанын айтты.

Қазіргі таңда, оның басқа да қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel