RU
"Хабар" арнасы келіндер туралы сериал түсіруде
Жаңалықтар Кино и ТВ

"Хабар" арнасы келіндер туралы сериал түсіруде

Рассказать Вконтакте

Жаңа жылдан бастап «Хабар» телеарнасында «Келінжан» телесериалы көрерменге жол тартады. Ауылдағы келіндердің қарапайым өмірін суреттейтін картинаның режиссері - Ернар Нұрғалиев.

«Хабар» арнасы келіндер туралы сериал түсіруде

Комедия жанрында түсірілген туынды 26 бөлімнен тұрады. Картинаның оқиға желісі бойынша Күлімхан апайдың үш ұлы бар. Олардың кішісі үйге келін алып келеді.

«Хабар» арнасы келіндер туралы сериал түсіруде

Жас келіннің есімі Асылым, қалада өскен қыз. Ол абысындары мен енесіне ұнау үшін ерте тұрып, сиыр сауады, дәмді етіп тамақ әзірлейді, ауланы тазалайды, алайда бәрі де сәтсіз. «Бұл жерде ұзақ жылдар бойы отасқан отбасының өмірі мен жаңадан отбасылы болған келіннің бейнесін ала отырып, қазақы отбасындағы күнделікті тіршілікті, олардың араларындағы дау-дамайдың қалай шешіліп жатқандығын, кез келген мәселеде кімнің соңғы сөзді айтатындығын, өзіміздің халыққа тән қасиеттердің барлығын көрсеткіміз келді. Бәріміз ауылдан шықтық, бәріміздің жанымызда, қанымызда ауыл өмірі сақтаулы тұр. Оны ұмыту мүмкін емес. Заман өзгергенмен, қазақ өзгерген жоқ. Сондықтан бұл жылы сериал болады», - дейді сериалдың продюсері Гүлнұр Мамасарипова.

«Хабар» арнасы келіндер туралы сериал түсіруде

Сонымен қатар продюсердің айтуынша бұл туынды ойнақы, кез келген көрермен үшін түсінікті әрі жеңіл болады. «Кино деген өмір ғой. Сондықтан актерлердің әңгімесін, сөздерін ауыз екі тілде жазуға тырыстық. Біз өмірде әдеби тілде сөйлемейміз ғой, бәріміз де оқығанбыз, классикалық дүниелерді білеміз дегеннің өзінде де біздің күнделікті қолданатын лексиконымыз бар. Мен көбінде сериалдарымды сол лексиконның шеңберінде жасауға тырысамын, өйткені, біздің көрерменіміз кім? Бұл өзіміз сияқты қарапайым қазақстандықтар. Олар өмірде қалай сөйлейді? Пікірлерін қалай білдіреді, соның барлығын назарда ұстауға тырсамын», - деп ойын жалғастырды Гүлнұр Мамасарипова.

«Хабар» арнасы келіндер туралы сериал түсіруде

Картинадағы басты кейіпкер Күлімхан апаның рөлін - «Қалеки» театрының актрисасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Лейло Бекназар Ханинга сомдайды. «Хабар» телеарнасының көрермендері актрисаны «Ана жүрегі» телесериалы арқылы жақсы таниды. «Енені ойнайтын актрисаны көп іздедік. Алайда әр продюсердің өзінің актерлік құрамы болады ғой, бұл әлемде бар нәрсе. Бізде ұзақ ойлана келе, «Ана жүрегі» сериалында басты рөлді сомдаған Лейло Ханинга Бекназар апайымызға тоқтадық. Ол кісінің шығармашылығын зерттей келе, дәл осындай образ болмағанын білдік. Ол кісіге біз үйренгенбіз, ол кісімен жұмыс істеу өте күрделі, оны білдім, бірақ ол кісінің актерлік шеберлігіне басымды ие отырып, тағы ұсыныс жасадым. Келісті», - дейді Гүлнұр Мамасарипова.

«Хабар» арнасы келіндер туралы сериал түсіруде

«Мұндай ауылдан шыққан апалардың образын өмірімде бірінші рет сомдауым. Театрда да мұндай образды сомдаған емеспін. Мен кәсіби актриса болғанан кейін, әрине бұл жұмыс. Дегенмен, ауылдағы апаларым есіме түсіп жатыр, бәріміз ауылдан шықтық қой, сондықтан апаларымыз, жеңгелеріміз, аналарымыз, әрқайсысының өмірде жасаған қызықты қылықтарын жинақтап, өзімнің кейіпкеріме салдым. Жүріс-тұрысы, отырысы, қарауы, даналығы, ақылдылығы, бәрін-бәрін жинақтап алдым», - дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Лейло Бекназар Ханинга.

«Хабар» арнасы келіндер туралы сериал түсіруде

Сонымен қатар сериалда Назар Сұлтанбаев, Сара Амангелді, Дариға Бадықова, Нұргүл Мыңбаева, Дәулет Өсербаев, Рустем Жанаманов, Сәуіржан Төлеш сынды актерлер ойнайды.

«Хабар» арнасы келіндер туралы сериал түсіруде

Тағы көрермендер эпизодтық рөлде Мейрамбек Беспаевты да көреді. Жалпы шығармашылық ұжымның халыққа әзірлеген сыйлары көп. Олай болса қаңтар айынан бастап «Хабар» телеарнасынан «Келінжан» телесериалын тамашалаңыздар!

«Хабар» арнасы келіндер туралы сериал түсіруде

"Хабар" арнасы келіндер туралы сериал түсіруде

"Хабар" арнасы келіндер туралы сериал түсіруде

"Хабар" арнасы келіндер туралы сериал түсіруде

*PR құқында.

Сіздің реакцияңыз
1
3
0
0
3
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel