RU
Головкин WBC рейтингінің үздік ондығына кірді
Жаңалықтар Спорт

Головкин WBC рейтингінің үздік ондығына кірді

Рассказать Вконтакте

WBC нұсқасы бойынша аңызға айналған әлем чемпиондарының үздік ондығы жарияланды. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бұл тізімде жетінші орынға жайғасқан. Бұл туралы Sports.kz сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

prosports.kz

Фото:prosports.kz

Аңызға айналған әлем чемпиондарының үздік ондығында Головкин жетінші орынға тұрақтаған.

Сарапшылардың пікірінше, WBC ұйымы Головкинді орта салмақтағы уақытша чемпион Джермалл Чарломен жекпе-жегінің қарсаңында осындай қадамға әдейі барып отыр. 

Головкин WBC белбеуін төрт рет сәтті қорғап, тек биыл қыркүйекте "Канело" Альварестен төрешілер шешімі бойынша жеңілген болатын.

Осылайша ол Родриго Вальдес, Серхио Мартинес және Эмиль Гриффиттен басым түсіп, рейтингтің жетінші орнына жайғасқан.

Енді Головкин "Канеломен" үшінші кездесу өткізу үшін Джермалл Чарлоны жеңуге тиіс.   

WBC нұсқасы бойынша әлем чемпиондарының үздік ондығы: 

1. Шугар Рэй Леонард (АҚШ)

2. Бернард Хопкинс (АҚШ)

3. Джои Джиарделло (АҚШ)

4. Карлос Монсон (Аргентина)

5. Марвин Хаглер (АҚШ) 

6. Нино Бенвенути (Италия) 

7. Геннадий Головкин (Қазақстан)

8. Эмиль Гриффит (Виргин аралдары)

9. Серхио Мартинес (Аргентина)

10. Родриго Вальдес (Колумбия).

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel