RU
Смайылов: Қайыршыға ақша бергендерге айыппұл салудың қажеті жоқ
Жаңалықтар Саясат және экономика

Смайылов: Қайыршыға ақша бергендерге айыппұл салудың қажеті жоқ

Рассказать Вконтакте

Қаржы министрі Әлихан Смайылов пен Еңбек пен әлеуметтік қорғау мнистрі Мадина Әбілқасымова қайыршыларға ақша беру жөнінде өз пікірлерін айтты деп жазады NUR.KZ.

Фото: PrimeMinister.kz

Фото: PrimeMinister.kz

Олар қайыршыларға ақша бергендерді айыппұл салып, жазалау керектігін айтқан мәжілісмен Шакир Хахазовқа қарсы шықты.

Қаржы министрі өз кезегінде, қайыр тілеушілерге ақша беретінін жасырмай айтты.

"Меніңше, ондай адамдарға айыппұл салудың еш қажеті жоқ" , -деп жауап берді журналистердің сауалына Әлихан Смайылов.

Әріптесінің пікірін Еңбек және әлеуметтік қорғау минситрі де қолдайтын болып шықты.

"Қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесу керек. Сол себепті, айыппұл салуды құптамаймын" , - деді Мадина Әбілқасымова.

Айта кетейік, бұған дейін Шакир Хахазовтың қайыршыға ақша бергендерге айыппұл салу керектігін айтқанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel