RU
Жерлеу рәсіміне алтын билеттер сатқан атай жұртты таңырқатты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жерлеу рәсіміне алтын билеттер сатқан атай жұртты таңырқатты

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританияда қатерлі ісікке шалдыққан зейнеткер өзіңнің жерлеу рәсіміне билет сатып жатыр деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ITV Wales

Фото: ITV Wales

Кардифф қаласының тұрғыны Кит Касс қатерлі ісіктің ең асқынған түріне шалдыққан.

72 жастағы ер адам қуық асты безінің қатерлі ісігіне шалдыққандарға көмектесетін өзі құрған қайырымдылық қорында жұмыс істейді.

Қорға көмектесу мақсатымен зейнеткер жерлеу рәсіміне билет сатуды ұйғарған. Сатылымнан түскен ақшаны ол қор есепшотына аудармақ.

Сатылымға алтын, күміс және қола билеттері шығарылған. Олардың бағасы 100, 50 және 25 фунт стерлинг.

Алтын билет сатып алғандарға жерлеу рәсімі кезінде лобстер ұсынылып, аққайнар құйылады, күміс билет иелеріне асшаянмен сэндвичтер және шарап құйылады. Ал қола билет иелеріне сыра мен чипсы беріледі.

Барлығы 500 билет сату жоспарлануда.

Әртүрлі санаттағы қонақтар үш түрлі бөлмеде болады. Касс олардың әрқайсысына арнайы жолдау жазып қоймақшы.

Сонымен қатар ер адамның жоспарында жерлеу рәсіміне музыкалық топ пен әзілкеш шақыру бар. Осы шарадан ол жарты миллион фунт стерлинг табыс табуды көздеп отыр.

Касс "Қызыл шұлықтар" қорын 12 жыл бұрын, алғаш рет қатерлі ісік диагнозы қойылған кезде құрған екен. Алғаш рет диагнозын естігенде аяғында қызыл шұлық болғандықтан, қорды осылай атауды жөн көріпті.

Осы 12 жыл бойы ол ағартушылықпен айналысып, мыңдаған ер адамға көмектесіпті.

Сол үшін Касс Британ империясының орденімен марапатталған.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel