RU
Қазақстанның алты дүркін чемпионы атанған қақпашы қыз жайлы не білеміз?
Жаңалықтар Спорт

Қазақстанның алты дүркін чемпионы атанған қақпашы қыз жайлы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Елімізде спортпен айналысып, сол салада биік шыңдарды бағындырып жүрген арулар көп. Соңғы уақытта нәзік жандылардың арасында футболға деген қызығушылық та арта бастаған. Солардың бірі жасөспірімдер арасында Қазақстанның алты дүркін чемпионы атанған 17 жастағы қақпашы қыз Назым Исмайлова деп хабарлайды "Замана".

Фото: Замана

Фото: Замана

Өз құрбылары сәнді заттарға қызығып жүргенде жеті жасар Назым ұлдармен араласып, доп теуіп жүрген екен. Осылайша ол 10 жасқа толғанда Шымкенттегі "Биік" әйелдер футбол командасына барыпты. Ал спортшының бұл салаға келуін анасы ғана құптаған көрінеді.

"Мүмкін аға-інілеріміз қарсы шығар. Бірақ әйелдер қауымы бұл ойынға аса жауап­кершілікпен қарайды, жеңіске деген ұмтылысы да мол. Сол себепті әйелдер футболына көпшілік түсіністікпен және сеніммен қараса екен деймін.
Футболға келуімді анам ғана құптады. Туыстарым қатты қарсы болған. Уақыт өте келе, менің жеңістерім мен ұмтылысымды байқаған соң көнді ғой. Қазір әулеттің мақтанышымын", - дейді ару.

Спортқа жан-тәнімен берілген Назым қазір өзін басқа сала маманы ретінде көре алмайтынын айтады.

"Дәл қазіргі уақытта өзімді басқа салада елестете алмаймын. Ойын алаңы, қақпа, жаттығу, теңбіл доп – өмірімнің бөлшегі іспетті. Күндердің күнінде бұл қызығушылық қалып, отбасылық өмірді ойлануым мүмкін. Әзірге футбол – өмірім", - дейді ол.

Қақпашы болудың қиындығын сөз еткен Исмайлова ұстаздарына алғыс айтуды да ұмытпады.

"Қақпашы болу – қиын да, оңай да емес. Барлығы кәсібіңді сүйіп, жауапкершілікпен қарауыңа байланысты. Қырағылық, шапшаңдық – мен үшін ұран. Мұны үйреткен "Биік" футбол командасына, алғашқы ұстазым Абдулваит Юлдашевке алғысым шексіз. Қазіргі жаттықтырушым Ескендір Геймат шеберлігімді шыңдап келеді.
Кәсіпқой қақпашы атанғаныма екі жыл болды. Өткен жылы команданың капитаны да атандым. Осындай білікті ұстаздарымның арқасында жақсы ойын көрсетіп, 15 жасымда көзге түсіп, Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасына шақырту алдым. Онда ойнап жүргенімде 19 жасқа дейінгі құрама шақырды. Бұл жерде өнер көрсеткеніме көп бола қойған жоқ.
Соның өзінде Англия, Шотландия, Дания секілді көп елдерде жарыстарға қатыстым. Дүркіреген ойындар болды. Еліміздің намысын қорғап, талай рет жеңіс туын көтердік. Осы жетістіктерден соң мені Қазақстан ұлттық құрама командасы шақыруда. Мен үшін бұдан артық мәртебе жоқ деп түсінемін", - деді футболшы қыз.

Бойы 174 сантиметрді құрайтын бойжеткен ойын барысында түрлі жарақаттар алып қалатынын да жасырған жоқ.

"Барынша қорғанып жүруге тырысамыз. Қақпа алдында тартысқан ойыншылар аяқ сермей береді ғой. Сондықтан көп жағдайда соққы болмай тұрмайды. Аяқтарымның көгеріп, ауырып қалған кездері жетерлік", - деді ол.

Ал болашақтағы арман туралы сөз еткен футболшы отбасылық өмірді жоғары қоятынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel