RU
Ақтөбелік полицейлер қауіпті тауарларды заңсыз сатушылардың үстінен түсті
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбелік полицейлер қауіпті тауарларды заңсыз сатушылардың үстінен түсті

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік тәртіп сақшылары пиротехникалық өнімдерді заңсыз сатушыларды тексерді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Төтенше жағдай департаменті мен полицейлерден құралған топ тексеру жұмыстарын орталық базардан бастады. Полицейлерді көрген саудагерлер қауіпті тауарларын жасырып үлгерді.

"Біз сатушыларға алдын ала ескертеміз. Егер заңсыз сатылым болса, 25 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қазір базарда күдікті зат байқалмай тұр. Рейд жұмыстары жүргізілетінін білгендіктен, жасырып қояды", - дейді Елек полиция бөлімінің қызметкері Нұрлыбек Көңілқошов.

Тәртіп сақшылары қауіпті тауарды заңсыз сатып тұрған дүкенге кірді. Сатушы тауардың лицензиясын көрсете алмады.

"Бұл дүкен иесіне әкімшілік хаттама толтарылады. Себебі, әкімшілік құқық бұзушылық орын алып тұр", - дейді учаскелік полицей Бақтияр Әлиев.
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel