RU

Бейтаныс қызбен құшақтасқан Аршавин тағы да шу шығарды (видео)

Андрей Аршавин тағы да сынға ұшырады. Бұл жолы футболшының Петербург көшелерінде жүрген видеосы тарап кеткен деп жазады riafan.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр, prosports.kz Коллаж: NUR.KZ
Фото: видеодан кадр, prosports.kz Коллаж: NUR.KZ: Facebook

Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбада Аршавиннің бейтаныс қызбен құшақтасып тұрғаны көрініс тапты. Артынан танымал аяқдопшы атқа мініп, мас күйінде Петербург көшелерімен қыдырып қайтқан.

Аталмыш видео желідегілер арасында қызу талқыға түскен. Көпшілік жақында ғана Ресейге оралған футболшыны аяусыз сынға алып жатты.

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба Youtube желісіне жүктелген.

"Комсомольская правда" басылымының мәлімдеуінше, танымал ойыншы мас күйінде болған. Оған қоса, көшеде қыдырмас бұрын, Андрей Аршавин стриптиз клубта шыққаны да белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1769678-bejtanys-kyzben-ksaktaskan-arsavin-tagy-da-su-sygardy-video.html