RU
Айсұлу Әзімбаева сегіз жылдан бері бетіне ботокс жасататынын мойындады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айсұлу Әзімбаева сегіз жылдан бері бетіне ботокс жасататынын мойындады

Рассказать Вконтакте

Актриса Айсұлу Әзімбаева бұрын-соңды ешкімге айтпаған сұлулық құпиясымен бөлісіп, көпшілікті таңғалдырды деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ

Актриса өзінің Instagram парақшасына жазба қалдырып, мимикалық әжіммен қалай күресуге болатынын айтқан.

"Неге менде әжім жоқ? Мойындайын, осымен сегіз жыл бойы мен маңдайым мен қастарымның ортасына ботокс салдырып келемін. Не себепті тым ерте? Ол менің мамандығыма тікелей байланысты. Түрлі образдарға кіру үшін актерлар бет бұлшық еттерін шамадан тыс көп қозғалтады. Менің бетіме әжімдер 25 жастан бастап түсе бастады.
Өзім пластикалық хирургияның аса құптамаймын. Бірақ, 40-қа таяп қалғанда аса ауыр оталар жасатпас үшін, мәселені жас кезден бастап қолға алған жөн. Анам айтпақшы, "сендердің замандарыңда косметологияның дамығанына шүкір" , - дейді Айсұлу Әзімбаева.

Актрисаның сөзінше, ол ботоксты жылына бірнеше мәрте салдырады.

"Сіздерге айтарым, ботоксты барлығы ектіреді. Голливуд, Ресей, күллі Қазақстан. Француздар ғана оған қарсы. Олар ботоксты адам жасына деген сатқындық деп түсінеді. Біздің елде ондай түсінік жоқ, сол себепті салдырыңыздар. Тек шамадан асып кетпесеңіз болғаны" , - дейді актриса.

Сіздің реакцияңыз
0
4
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel