RU
Шырқа, домбыра! «Алматы» телеарнасы «Syr perne» жобасын бастады
Жаңалықтар Қоғам

Шырқа, домбыра! «Алматы» телеарнасы «Syr perne» жобасын бастады

Рассказать Вконтакте

Биыл елімізде алғаш рет Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Ұлттық Домбыра күні аталып өткені белгілі. Енді әр жылы шілденің алғашқы жексенбісінде осынау ұлттық аспабымыз мемлекеттік деңгейде дәріптелетін болады.

Шырқа, домбыра!

Шырқа, домбыра!

Айтулы мерекеге орай және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Алматы» телеарнасы «Syr perne» атты жаңа жобаны қолға алып отыр. Мақсат – қазақстандықтардың домбыра тартуға деген қызығушылығын оятып, оны тіпті телеэфир арқылы үйретеді. Бағдарлама 1 желтоқсаннан бастап сағат 13:00-де көрсетілуде.

«Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты жолдауында Елбасы өз мәдениетіміз бен ұлттық кодымыз, салт-дәстүріміз мен тіліміз және әдебиетіміз бен ұлттық әуеніміз болмаса, рухани жаңғырудың мүмкін еместігін айтты. Осыны мақсат еткен жаңа бағдарлама Президенттің «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласында да өзекті. Өйткені, Нұрсұлтан Назарбаев фольклор мен Ұлы дала әуендерінің жаңа тынысын ашуды тапсырған болатын.

«Syr perne» танымдық бағдарламасының мақсаты – балаларға қазақтың музыкалық аспабы домбыраны үйрету. Бұл үшін жеті нотаны жаттаудың әсте қажеті жоқ. Өйткені, бағдарламаны 40 жылдық тәжірибесі бар, балаларға домбыраны нотасыз үйрету әдісін меңгерген Абдулхамит Райымбергенов жүргізеді. Абдулхамит Райымбергенов «Мұрагер» бағдарламасын жүзеге асырып, қазақстандық мектептерге енгізушілердің бірі. Аталған бағдарлама дәстүрлі қазақ музыкасы бойынша балалар талантын ашуға көмектеседі.

«Syr perne» жобасы

«Syr perne» жобасы

«Біздің алға қойған негізгі міндетіміз – балалардың ұлттық музыкаға, дәстүр мен мәдениетке қызығушылығын ояту. Қазақстандағы әрбір балақай домбыраны жат көрмей, еркін ойнай алса деген тілек бар. Домбыра қазақтың әр үйінде ілініп тұрған, өйткені, көшпелі халық өз әуенінсіз болмаған. Әрбір екінші адам домбыраның құлағында ойнаған. Балаларға бұл туралы айтып қана қоймай, домбыра олардың өмірінің бір бөлшегіне айналуына мән беруіміз керек», - дейді Абдулхамит Райымбергенов.

«Syr perne» бағдарламасының жүргізушісі кез келген адамға жасы мен ынтасына қарамай-ақ, домбыра үйретуге болатынын айтады. Домбыра үні – бұл қазақ ДНК-сына сіңген даланың үні. Сондықтан, «Алматы» арнасының көрермендері үшін ұлттық аспабымызды үйренудің сәті түсіп тұр.

Шырқа, домбыра! «Алматы» телеарнасы «Syr perne» жобасын бастады

Шырқа, домбыра! «Алматы» телеарнасы «Syr perne» жобасын бастады

«Syr perne» бағдарламасы 5 рубрикадан тұрады, ұзақтығы – 30 минут. Бір бөлімде жүргізуші балаларға домбырада ойнаудың қыр-сырын үйретіп, оларды аспаппен таныстырады. Екінші бөлімде қазақ халқының музыкалық аңыздарын айтып, күй тарихы мен эпос, әндердің дүниеге келу жолын баяндайды. Біздің ұрпаққа таусылмас қазына қалдырған ұлы ақындар мен күйшілер туралы да әңгіме қозғалады. Телебағдарламаға қызықты қонақтарды шақыру да ұмыт қалмаған. Қазақстанның әр аймағындағы талантты балалар мен танымал музыканттар көрерменге өз тәжірибесімен бөліседі. Бағдарлама соңында қатысушылар өз білімдерін одан әрі тереңдете түседі.

Шырқа, домбыра! «Алматы» телеарнасы «Syr perne» жобасын бастады

Шырқа, домбыра! «Алматы» телеарнасы «Syr perne» жобасын бастады

«Еліміздегі жас балалар домбырада ойнап, оған құрметпен қараса, өз музыкалық дәстүрін ұмыт қалдырмаса деген арман көкірегімнен өшкен емес. Бұл мен жүргізетін бағдарламаның ғана емес, менің өмірлік мақсатым. Біздің балаларымыз өз туындыларын шығарып, бабаларымыз сияқты жарқын із қалдырса деген арманым бар. Ғалымдардың өзі бала кезінен шығармашылыққа, музыкаға бет бұрған адамның барлық салада табысты болатынын дәлелдеген», - деп өз ойын қорытындылады Абдулхамит Райымбергенов.

Өз ісіне берілген мұндай тұлғалардың жұмысына күмән келтіру әбестік болары сөзсіз. «Алматы» арнасындағы «Syr perne» танымдық бағдарламасы батыстың мультфильмдері мен ойыншықтарын және гаджеттерді алмастыратын таптырмайтын жоба.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel