RU
Шымкентте "хрусталь баланың" ата-анасын алдап соққан азамат сотталды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте "хрусталь баланың" ата-анасын алдап соққан азамат сотталды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте "хрусталь баланың" ісіне қатысты сот үкімі оқылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото NUR.KZ

Фото NUR.KZ

Ел арасында аса сирек кездесетін науқасқа ұшыраған баланың ата-анасын алдаған азамат екі жылға бас бостандығынан айырылған.

Сотталушы Балтабаев балақайдың ата-анасынан емге деп жинаған 145 мың теңгесін алдап алып қойған.

Тіпті сотталушы шымкенттік беделді дәрігердің атын жамылғаны белгілі болған.

Қазір науқас баланың хәлі бірқалыпты, емін жалғастыруда. Тіпті Шымқалаға қонаққа келу жоспарында бар екен.

Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласының тұрғыны Л.Утепкалиева өзінің кәмелет жасқа толмаған 2010 ж.т. Ә.Бейсенұлының "гидроцифилия" аурумен ауыратындығын айтып, БАҚ арқылы елден көмек сұраған.

Сотталушы З.Балтабаев науқас баланың ата-анасын ем-домына көмек беремін деп дәрігерлердің атын жамылып, алдап Шымқалаға шақыртып алған.

Кейін "хрусталь баланың" анасы өзін Шымкентте алдап кеткенін, алдау жолымен 145 мың теңгесін қолды болғанын айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз
4
3
6
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel