RU
Ақтауда екінші сынып оқушысын мектеп алдында көлік қағып кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтауда екінші сынып оқушысын мектеп алдында көлік қағып кетті

Рассказать Вконтакте

Ақтау қаласында №1 мектеп жанында екінші сынып оқушысын көлік қағып кетті. Нәтижесінде баланың аяқ сүйегі үгітіліп қалған деп хабарлайды Inaktau.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Time56.ru

Көрнекі фото: Time56.ru

Ата-аналардың айтуынша, бұл оқу орнының жанында мұндай оқыс оқиға бұрын да болған. Көліктердің осы араға көптеп жиналуы олардың үрейін тудыратындығын жеткізді.

Ата-аналар көліктерін арнайы тұраққа қоймай, үйлердің жанына қалдырып кететін көрінеді.

Оқиға 12 желтоқсанда орын алған. Жүргізуші айналада қаптап тұрған көліктердің кесірінен баланы көрмей қалған.

«Бұған дейін де балаларды қаққан. Көлік жүргізушілермен бір емес, бірнеше рет сөйлесуге тырыстық. Бірақ олар қол сілтеп қоя салады», - деп шырылдады ата-аналар.

Мектеп директорының міндетін атқарушы Жанна Казиева аталған жағдайдан хабардар. Оның айтуынша, мектеп түрлі уәкілетті органдарға хабарласқанымен, ешқандай нәтиже болмапты.

Екінші сынып оқушысымен болған оқыс оқиғадан соң мектеп жанында инспектор қадағалау жұмыстарын жүргізген.

Ата-аналар осы мәселені шешу үшін қала әкімдігі мен облыстық полицияға жүгінбекші

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel