RU
Франкфурттан Атырауға ұшып шыққан Air Astana ұшағы Оралға шұғыл қонды
Жаңалықтар Қоғам

Франкфурттан Атырауға ұшып шыққан Air Astana ұшағы Оралға шұғыл қонды

Рассказать Вконтакте

21 желтоқсан күні 22 сағат 40 минутта Air Astana ұшағы қозғалтқыштардың біріндегі ақау туралы хабарлаған. Осыдан кейін Франкфурттан Атырауға бағыт алған әуе кемесі Оралға қонуға мәжбүр болған деп хабарлайды Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық аваиция комитетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Азаматтық аваиция комитетінің facebook парақшасынан алынды

Фото: Азаматтық аваиция комитетінің facebook парақшасынан алынды

Ведомствоның Facebook-тегі парақшасында берген мәліметінше, А321 NEO ұшағы сағат 23.22-де Орал қаласының әуежайына қонған.

Ұшақ бортында 64 жолаушы мен экипаждың 8 мүшесі болған.

Қазіргі уақытта әуе компаниясы Орал қаласының қонақүйлеріне жолаушыларды орналастыру мәселесін шешуде.

Осы оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталған.

Сіздің реакцияңыз
2
2
1
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel