Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Банктен басқа жерде бірде-бір есік жоқ ауыл туралы не білеміз?

Опубликовано:

Сіз есікті мүлде қажет етпейтін ауыл туралы естіп пе едіңіз? Егер бұрын-соңды бұл елді мекен жайлы білмеген болсаңыз bigpicture.ru сайты Үндістандағы әйгілі Шани Шингнапур ауылы жайлы қызықты деректерді назарыңызға ұсынады. Бұл ауылда тек банк мекемесінде ғана есік бар. Оның өзі ұрылардан қорғану үшін емес жабайы иттерден сақтану үшін салынған деп жазады NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Depositphotos

Шани Шингнапур тұрғындарына есік те, құлып та қажет емес. Себебі ұрлық жасағысы келген адамның Садэ-Сати жазасына тап болып, жеті жолы болмайды екен.

Оның үстіне тұрғындар табынатын Шани құдайының өсиеті бойынша ұрлық жасаған адам ізін суыта алмайды. Ұры түні бойы қашып, ізіне түсушілерден қашып құтылдым деп ойлағанымен, таңда ол орнынан тіпті жылжымағанын байқайды екен.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Depositphotos

Жүздеген жылдар бойы жергілікті тұрғындар ұрлықтаң тіпті қорықпаған. Олар тек түнде ғана жыртқыш аңдар кіріп кетпес үшін есігін қолдан жасалған материалдармен жауып қояды екен.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Depositphotos

Ал көшеде қалған барлық көліктердің есіктері ашық тұрады. Дүкен қожайындары ақшасын ағаштан жасалған жәшіктер де сақтайды. Құнды заттарын кілттеп қою ешкімнің де ойнына келмейді екен.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Depositphotos

Аңызға сүйенсек, бұрынғы заманда Шани Шингнапурге жақын жерде ағып жатқан өзен жағасынан қара тас плита табылған екен. Адамның қолы тисе болғаны, тастан қан аға бастаған. Бір күні ауыл тұрғынының түсіне Шани құдайы кіріп, қара плита өзінің жердегі көрінісі екенін айтады.

Шани қара плитаны жұрттың тыныштығын қорғап, жан-жағын байқап тұру үшін елді мекенде қалдырып, орталыққа қою керектігін жеткізеді. Ауыл тұрғандары табынушыларының айтқанын істеп, содан бері есікті қажет етпейді.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Depositphotos

Дегенмен бірде дәулетті шаруа қоймасына құлып салмақ болады. Алайда ертесіне ол қайғылы жағдайда көз жұмған.

90 жылға дейін Шани Шингнапур жайлы ешкім білмеген. Тек Болливуд кино мамандары есіксіз ауылда кино түсіргеннен кейін ғана оның аты әлемге таралған.

Қазір елді мекен туристердің арқасында күн көріп отыр.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Depositphotos

Айта кетейік, ауылдағы ұрлық алғаш рет 2010 жылы тіркелген. Белгісіз адам 35 мың рупийді қолды еткен. Бір жылдан кейін храм бастығын кейін храмның өзін тонап кеткен.

Десе де, ауыл тұрғаныдары сол күйі есік орнатуды құп көрмеген. Ал ұрыларды іздеп әлекке түсіпеген. Себебі олардың ойынша, біреудің малын жеген адам сансыз сәтсіздікке тап болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1769759-bankten-baska-zerde-birde-bir-esik-zok-auyl-turaly-ne-bilemiz/

pixel