Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында түрме басшылығы денесіне темір тыққандарға қатысты жауап берді

Опубликовано:

Алматы облысындағы түрмеде асқазан тұсына темір тығып, өздерін өлтірмек болған сотталушылардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Заречный ауылындағы Ла155/12 түзету мекемесінің басшылары болған оқыс оқиғаның себебін түсіндірді деп хабарлайды Алматы арнасы.

түрме
түрме: Depositphotos

Оқиға 16 желтоқсан күні күндіз орын алған.

"Ұрды, мазақ қылды, намысқа тиді және бұл аталған мекеме қызметкерлерінің абыройы. Менің өліміме Ла155/12 мекемесінің әкімшілгі кінәлі" - деген сөздерді кеуделеріне кесіп жазып, оны таратып үлгерген сотталушылар қазір Қапшағай қалалық ауруханасында жатыр.

Тыйым салынған заттардың қапастағылардың қолына қалай түскені анықталып жатыр. Ал түрме басшыларының айтуынша, ұрып-соғу, күш көрсету сынды әлімжеттік мекеме қабырғасында бұған дейін мүлдем болмаған.

Түрме қызметкерлері сотталушылар бұл әрекетке тек қыстық жылы киімнің берілмеуіне бола барды деп отыр.

"Оларға ескі қыстық киімдер берілген. Өйткені сырт киімдері тозбағандықтан біз жаңасын бере алмаймыз. Жалпы, сотталушыларға киімнің жетіспеушілігі бар. Ол проблема қазір шешіліп жатыр", - дейді Алматы облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті ЛА155/12 мекемесі басшысының міндетін уақытша атқарушы Алексей Орищенко.

Жазасын өтеушілердің тағы бірінің жігіттің айтуынша, түрмедегі тағы бір проблема – тамақ сапасының тым нашарлығы. Айтуынша, туыстары үйлерінен әкелген тамақ өздеріне толық тимейтін көрінеді.

"Бәрі нашар. Тамақты аз береді. Ұрып-соғу, жүгірту деген заңда жоқ қой. Барлығы заң аясында жүргізілсе дейміз. Мінезіміз сәйкес келмей қалады, ерегісіп қаламыз, төбелесіп қаламыз. Ондай жағдайлар боп тұрады. Ондай түрме түгілі, бостандықта да болады емес пе?", - дейді жазасын өтеуші.

Қамауға алынғандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша коалициясының құқық қорғаушысы Марианна Гуринаның сөзінше, тамақ беруі расымен де үлкен проблема дейді.

"Маған бұл жердің тамақтандыруы мүлдем ұнамайды. Әрине, бұл жер демалыс орны емес. Бірақ жалға алушыларды ауыстыру мәселесімен айналысып жатырмыз. Өйткені, тәулігіне бір сотталушыға 680 теңгенің тамағы беріледі. Алайда, ол тиісті деңгейде орындалмайды", - дейді Марианна.

Алматы облысы Заречный елді мекеніндегі ЛА155/12 түзету мекемесінде үш сотталушы өз денелеріне темір тыққаны хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1769764-almaty-oblysynda-trme-bassylygy-denesine-temir-tykkandarga-katysty-zauap-berdi/

pixel