RU
"Жұмбақ өлім": Ақмола облысында жас жігіттің қазасына қатысты дау шықты
Жаңалықтар Қоғам

"Жұмбақ өлім": Ақмола облысында жас жігіттің қазасына қатысты дау шықты

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысындағы Державинск кентінің 27 жастағы тұрғыны ескі ғимаратты бұзып жатқанда қаза болды. Ресми дерек бойынша, өзі құлаған. Ал марқұмның туыстары оны плита басып қалған айтып, жігіттің өліміне коммуналдық кәсіпорынның басшыларын кінәлап отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Ольга және Тоқтар Ахметжановтар. Кадр/КТК

Ольга және Тоқтар Ахметжановтар. Кадр/КТК

Оқыс оқиға бұрынғы әскери дивизияның ескі гаражын бұзып жатқанда болған. Тоқтар Ахметжанов таңертең әдеттегідей жылу орталығындағы жұмысына кеткен. Кейін сол жерде қаза тапқаны айтылады.

Туыстары оның ол жаққа не үшін барғанын алғашқыда түсінбепті. Коммуналдық кәсіпорын жұмысшыларының ол жерде ғимараттарды бұзғанын кейін естіген.

"Плитаның астында қалған. Өйткені басынан бастап, кеудесіне дейін бәрі сынық деп жазулы тұр ғой. Қалай ол бір құлағанда. Басшылары жұмсап отыр. Жауап берсін! Менің балам қайтып келмейді, бірақ жауап берсін!", - дейді марқұмның анасы Бақыт Ахметжанова.

Сот-медициналық сараптама қорытындысы жас жігіттің бас сүйегі омырылып, желкесі үзіліп, екі жауырыны мен қабырғалары морт сынғанын көрсеткен. Сондықтан туыстары оның үстіне плита құлағанын айтып, енді жұмысшыны жұмсағандар жазалансын дейді.

Ал кәсіпорын директоры бұл жағдайға қатысы жоқ екенін айтады.

"Ол менен жұмыс аяқталуға жарты сағат қалғанда сұранып кетті. Хатшым куә. Өз жұмыстарым бар деді. Ол жерде менің техникам да, басқа жұмысшыларым да болған жоқ", - дейді "Коммунсервис" МКК директоры Игорь Стрымбовский.

Марқұмның әйелі кәсіпорын басшысына қатысты еңбек инспекциясына шағым жазған. Қазір комиссия осыған байланысты тексеру жүргізіп жатыр.

Ал полиция әзірге дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Дереккөз КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
5
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel