RU
Тойда биші қызға ақша ұстатқан Youtube жұлдызының басы бәлеге қалды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Тойда биші қызға ақша ұстатқан Youtube жұлдызының басы бәлеге қалды

Рассказать Вконтакте

Тәжікстанда тойда биші қызға ақша ұстатқан Youtube жұлдызына 3 мың сомони (300 доллар) айыппұл салынды. Кадами Курбон "Салт-дәстүрлер тәртібі туралы заңды бұзған деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Көрнекі фото: centralasian.org

Көрнекі фото: centralasian.org

Аудандық соттың жауапты қызметкері Бобомурод Наджмиддинзоданың хабарлауынша, әзіл-сықақ әндерімен танымал болған 48 жастағы Кадами Курбон баласының үйлену тойында биші қызға ақша ұстатқан.

Тәжікстанда "Салт-дәстүрлер туралы" заң үйлену тойлары мен салтанатты кештерде биші қыздарға ақша беруге тыйым салады.

Соттың жауапты қызметкерінің сөзінше, Кадами Курбонның заң бұзғаны туралы видео интернетке жүктелген. Оның айтуынша, судья ер адамды он күн ішінде айыппұл төлеуге міндеттеген.

​Ал Кадами Курбон өзі болса ұлының үйлену тойында биші қызға ақша ұстатқанын мойындаған. Алайда видеоның интернетке қалай түскенін білмейтінін айтады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
2
0
4
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel