RU
Алматыда ұсталған қырғыз экс-депутаты Қазақстан азаматтығынан айырылды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Алматыда ұсталған қырғыз экс-депутаты Қазақстан азаматтығынан айырылды

Рассказать Вконтакте

Алматыда ұсталған Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты Дамирбек Асылбек уулуына тиесілі Қазақстан құжаты жарамсыз болып табылды. Бұл туралы Қырғызстан Бас прокуратурсының баспасөз қызметіне сілтеме жасған Sputnik хабарлайды.

Фото Жогорку Кенештің баспасөз қызметі

Фото Жогорку Кенештің баспасөз қызметі

Бас прокуратураның халықаралық-құқықтық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Асылбек Ақматовтың сөзінше, бүгінде Дамирбек Асылбек уулу Қырғызстан азаматы болып табылады.

"Қазақстанда өзге елдің азаматтығы болатын болса, автоматты түрде ҚР азаматтығынан айыратын ереже бар. Асылбек уулуны Қырғызстан азаматы ретінде соттап жатыр және отанына беруі мүмкін", - дейді Ақматов.

Еске сала кетейік, Дамирбек Асылбек уулу осы жылдың ақпан айында еліміздегі арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Тексеріс кезінде оның қос азаматтығы бар екені анықталған.

Ал жогорку кенештің депутаты болып 2015 жылы сайланған.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
4
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel