Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында ең әдемі полицей аруды таңдады (фото)

Опубликовано:

Жамбыл облысында "Полиция аруы" байқауы өз мәресіне жетті. Халық бойжеткендерге өңірлік полиция департаментінің Instagram парақшасында дауыс берген. Нәтижесінде ең әдемі полицей атағы лейтенант Құндыз Бөгенбаеваға бұйырған деп хабарлайды NUR.KZ.

"MISS POLICE JAMBYL" аруын таңдау үшін дауыс беру алты айға созылған. Жеңімпаз атанған бойжеткен 2095 дауыс жинаған. Құндыз Нұғманқызы бүгінде Тараз қаласы полиция басқармасы Жедел басқару орталығының инспекторы болып қызмет етеді.

Екінші орынды 1026 дауыспен полиция аға лейтенанты Мырзаханова Айнұр Төлеубекқызы жеңіп алған. Бойжеткен Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының инспекторы.

Ал үздік үштікті 992 дауыспен қатардағы полицей Ботагөз Ахметова тәмамдаған. Ботагөз Тараз қалалық полиция басқармасы кадр бөлімінің технигі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1769784-zambyl-oblysynda-e-demi-policej-arudy-tadady-foto/

pixel