RU
Қазақ жігітіне тұрмысқа шыққан Светлана Подобедованың қазіргі өмірі жайлы не білеміз?
Жаңалықтар Спорт

Қазақ жігітіне тұрмысқа шыққан Светлана Подобедованың қазіргі өмірі жайлы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Спортқа қайта оралмайтынын айтқан зілтемірші Светлана Подобедова бүгінде қазақ азаматына тұрмысқа шығып, ана атанып отыр. Қазақстанның атын әлемге танытқан спортшы қазір өзінің Instagram парақшасында отбасының суреттерін жиі жариялайды деп жазады NUR.KZ.

Светлана Подобедова 2017 жылдың 4 тамызында дүниеге әкелген ұлы Руслан мен күйеуінің суреттерін желіге жиі салады.

Бұрын спорттағы жетістіктері мен әріптестерін, жаттығу залындағы өмірі жайлы жиі жариялайтын спортшы желіде енесімен түскен суреттерін де жариялап тұрады.

Айта кетейік, Светлана Подобедова 2013 жылы зілтемірші Владимир Седовқа тұрмысқа шығып, 2015 жылы ажырасып кеткен болатын.

Сонымен қатар зілтемірші 2016 жылдың 26 мамырынан бастап спорттан 8 жылға шеттетілген болатын.

Сіздің реакцияңыз
13
4
1
4
6
83
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel