RU
Илья Ильиннің Катардағы турнирде тұғырға неге шықпағаны белгілі болды
Жаңалықтар Спорт

Илья Ильиннің Катардағы турнирде тұғырға неге шықпағаны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің жарақаты қайта сыр бергендіктен, бапкерлері оған Катардағы кубокта жарысқа шығуына тыйым салған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Илья Ильин. Фото wfrk.kz сайтынан алынды

Илья Ильин. Фото wfrk.kz сайтынан алынды

22 желтоқсан күні ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы Ильин 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға жолдама ойнатылып жатқан турнирде жарысқа шықпай қалды. 

"Ем жасалып, қалпына келу процесі болғанымен, жарысқа шығар алдындағы дайындық кезінде омыртқадағы жарық сыр берді. Тәуекелге баруға болушы еді, бірақ денсаулығына зиян келіп,  жарыстарға мүлдем қатыса алмау қаупі болды", - деді ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Юрий Мельников.

Айта кетейік, Илья Ильин бұған дейін омыртқадағы жарақатына байланысты спорттық карьерасын аяқтауы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Денсаулығына байланысты ол күзде Түрікменстанда өткен әлем чемпионатына қатыса алмады.

Естеріңізге сала кетейік, Дохада өтіп жатқан Олимпиада-2020-Катар кубогы лицензиялық турнирінде ең ауыр салмаққа тапсырыс берген Илья Ильин тұғырдан көрінбеген болатын.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
3
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel