RU
"Қазақстанның Құрметті азаматы" атанған өнер адамдары сынның астында қалды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Қазақстанның Құрметті азаматы" атанған өнер адамдары сынның астында қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Жыл соңында кеуделеріне жаппай медаль тағып, "Қазақстанның Құрметті азаматы" атанған өнер адамдарын Instagram желісінің қолданушысы Базарбек Қамысбаев қатаң сынға алған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Соңғы уақытта "Жігіттер" квартетінің орындаушылары мен жеке орындаушы Нұржан Керменбаев, Абай Бегей желідегі парақшаларында "Қазақстанның Құрметті азаматы" атандық деп сүйінші сұрап жатыр.

Бұл жайтқа қатысты Базарбек Қамысбаев тарқатып жазба қалдырыпты.

"Қазақстанда ештеңеге таңғалуға болмайды. Осы сөзді мен әрқашан айтып жүремін. Сондықтан да Instagram парақшасында түрлі атақ алып жатқан адамдарға таңғалмаймын. Бірақ, "Қазақстанның құрметті азаматы" деген атақты алып, соны мақтанып әлеуметтік желілерге салып жатқан адамдарды еш түсіне алмаймын", ---- деп бастаған Қамысбаев әңгімесін.

Жазба авторының айтуынша, бұл атақтар алдамшы дүние. Сондай-ақ оны қалтасында ақшасы бар кез-келген адам сатып ала алады.

"Мен дәл қазір атақ "алған" адамдарды емес (олардың бұл нәрсені білмеуі мүмкін емес деп ойлаймын), сол адамдарға ет жүректері елжіреп, "сіз лайықсыз" деген сыңайдағы пікір жазып жатқан қарапайым халықты айтып жатырмын. Пікірлерді оқып отырып, бір-бірімен атақты алған адамның лайықты лайықты еместігіне дауласып жатқан халыққа жаным ашып отыр. Мен сіздерге бірнәрсе айтайын, бұл "атақ" сіздердің оны талқылауларыңызға да тұрмайды.

"Қазақстанның құрметті азаматы" атағы ешқандай да мемлекеттік атақ емес! Бұл "атақты" "Қоғамдық награда және атақтар жөніндегі комитет" деп аталатын ЖШС береді. Жай ғана бермейді, сатады. Қалтаңызда артық 1,5 миллион теңгеңіз болса, бұл "атақты" сіз де ала аласыз", - деп жазады автор.

Сондай-ақ Базарбек Қамысбаев заңның "ҚР мемлекеттік марапаттар туралы" бөлігіне өзгеріс енгізуді ұсынды.

"Егер кез келген қоғамдық бірлестік немесе ЖШС осындай марапаттарды тағайындай алатын болса және бұл марапаттар "ҚР Мемлекеттік марапаттар туралы" заңында белгіленбеген болса, онда бұл заңға нақты өзгерістер енгізу керек деп есептеймін. Бұл ұйымдар өздерінің осындай марапаттарымен тікелей мемлекетке нұқсан келтіріп отыр. Себебі, олардың беретін атақтарында "Қазақстанның құрметті азаматы" деп жазылады, басқа басқа емес, Қазақстанның", - деп сөзін қорытындылады Қамысбаев.

Сіздің реакцияңыз
47
3
4
3
1
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel