Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрсынбек Қабатов ұлды болды (фото)

Опубликовано:

Тұрсынбек Қабатовтың шаңырағында ұл бала дүниеге келді. Бесінші рет әке атанған әзілкештің қуанышты жаңалығын Астана әкімдігінің мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов мәлім етті деп жазады NUR.KZ.

"Сүйінші, қазақ елі! Алланың қалауымен бүгін таңғы сағат 6-да Тұрсынбек Қабатовтың шаңырағында атұстар дүниеге келді! Тұрсынбектің өтінішімен сәбидің есімін қою рәсімі маған бұйырып, кішкентай батырымызды Райымбек деп атауды жөн көрдім. Аманғали Райымбек Тұрсынбекұлы қырандай алғыр, сұңқардай өр, терең ойлы, қадір-қасиеті мол азамат болсын деп тілеймін", - деп жазды Instagram парақшасында Болат Мажағұлов.

Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатов пен жұбайы Мөлдір үш қыз бір ұл тәрбиелеп отыр.

Ал бүгін дүние есігін ашқан отбасының бесінші сәбиіне Райымбек деп есім берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1769838-trsynbek-kabatov-ldy-boldy-foto/

pixel