RU
СҚО-да отағасын жоқтаған бүтін бір отбасы газдан уланып қайтыс болды

СҚО-да отағасын жоқтаған бүтін бір отбасы газдан уланып қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстан облысында бір отбасының төрт адамы улы газдан қайтыс болды деп жазады Петропавловск.news сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:cyrillitsa.ru

Фото:cyrillitsa.ru

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше, қайғылы оқиға 21 желтоқсан күні Буденное ауылында болған. Жергілікті тұрғындар үй ішінен ес-түссіз жатқан бес адамның денесін тауып алыпты. Олардың бәрі де бір отбасының мүшелері: әйел мен оның ұлы, қызы және келіні. Ал, бесінші адам - 66 жастағы көршісі болып шықты. Ол ауруханаға жеткізілген.

Белгілі болғандай, үйдің отағасы осы қайғылы оқиғадан бірер күн бұрын ғана ауыр сырқаттан қайтыс болған екен. Оны туыстары әлі жерлеп те үлгермеген. 

Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері улануға пештің дұрыс жанбауы себеп болған дегенді айтып отыр. Енді олар марқұмдарды жерлеу үшін олардың өзге туыстарын іздестіруде.

Сіздің реакцияңыз
0
1
2
12
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel