Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құрбыларына қызыл орамал таққан келіншек жұртты сүйсінтті

Опубликовано:

Kazakh.toy парақшасында келіншектің өз тойында құрбыларына қызыл орамал таратқан сәті тарап кетті деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Instagram

Ақ көйлекті ару өзінің қуанышына жиналған бойжеткендерге бір-бір орамал таратып, тойдың "жұғысты" болуын тілеген.

Алайда желіде жас келіннің бұл әрекетін түсінбегендер де табылған.

"Мынаусы несі?", "Жас қыздар орамал тағады ма?", "Осы қазақтардың шығармайтын ырымы жоқ" деп жазды.

Ал салт-дәстүрден хабары бар көпшілік бойжеткеннің бұл ісіне сүйсініп қалған.

"Ойдан шығарған ештеңесі жоқ", "Бұрыннан бар ырым ғой", "Бұрындары қазақтар үкі таққан ғой", "Жарайсың, керемет екен", "Өз тойымда мен де осылай істеуім керек екен" деп жарыса пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1769850-krbylaryna-kyzyl-oramal-takkan-kelinsek-zrtty-sjsintti/

pixel