RU
Instagram-дағы суретімен жұртты алдаған модель ұятқа қалды

Instagram-дағы суретімен жұртты алдаған модель ұятқа қалды

Рассказать Вконтакте

Швециялық саяхаттаушы-блогер Джоанна Олсеннің желідегі оқырмандары арудың бірнеше суретте артқы фонды ауыстырғанын байқап қойыпты. Енді олар бойжеткеннің суреттерін фотоөңдеуден өткізгеніне кәміл сеніп отыр. Бұл туралы Life сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бойжеткеннің Instagram парақшасын бақылайтындар оның Париждегі суреттерін көрген соң күмәндана бастаған. Себебі, олардың бірінде ару көпірдің үстінде тұрғандай болса да, оның аяғынан еш көлеңке байқалмапты.

Ал екіншісінде желі қолданушылары қыздың басының қасында аппақ жарық тұрғанын көрген екен.

Бұл суреттерден кейін бойжеткеннен күмәнданған оқырмандар теріс пікірлер қалдырған.

Артынша ару бірнеше сәтсіз кадрларды жөндеу үшін ғана фото бағдарламаны пайдаланғанын айтқан.

Мейрамханадағы суретін салған Олсен өзін табиғаты көріксіз жерге отырғызған соң фотоны өңдеуге мәжбүр болғанын айтады.

"Мен әдемі фонмен суретке түскім келді. Бірақ мен шағымданбай-ақ, фото өңдеуге жүгіндім", - дейді ол.

Одан бөлек, ару тағы да екі суретте фон ауыстырғанын айтқан.

Сіздің реакцияңыз
15
3
2
4
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel