RU
Астананың аязында шолақ шалбармен ғана жүгірген ер адам жұртты таң қалдырды
Жаңалықтар Спорт

Астананың аязында шолақ шалбармен ғана жүгірген ер адам жұртты таң қалдырды

Рассказать Вконтакте

Астанада өткен екінші қысқы марафонда шолақ шалбармен жүгірген қатысушы жұртты таң қалдырды. Суықта тоңбайтын 44 жастағы желаяқ Владимир Потлог есімді азамат болып шықты. Бұл туралы ер адамның жұбайы "ҚазАқпарат"-қа айтып берген.

Фото: facebook.com/ davlenov

Фото: facebook.com/ davlenov

Марафонда ерекше көзге түскен Владимирдің жұбайы Динараның жасы 40-та.

"Біздің отбасы салауатты өмір салтын ұстанады және барлық спорттық шараға бірге қатысуға тырысамыз. Володя 44-те болса, өзім 40 жастамын. Бірақ, достарымыз бен әріптестеріміз жас көрінесіңдер деп айтады. Мұның барлығы спорттың арқасы, дұрыс тамақтанудың пайдасы.
Өзім марафонға үшінші рет қатысып отырмын, ал күйеуім қатысқан марафондар өте көп, тіпті санынан жаңылатын болдық.
Жалғыз шортымен жүгіруден еш қиындық туындаған жоқ. Себебі, күйеуімнің ағзасы суыққа әбден шыныққан. Қазір де күйеуім суға сүңгуге кетіп, сізге сұхбат бере алмады. Осымен сегізінші жыл өзіміз де, үш баламыз да мұздай суға сүңгиміз", - деді Динара Потлог.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel