Выйти
RU

Кедейлердің ақшасына қыдырған шенеуніктің балалары ұятқа қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейдің Брянск облысының губернаторы Александр Богомоз шенеуніктердің балалары Түркияға сапар шекті деген жанжалдан кейін Клинцы қаласының басшылығын тексеруде. Оның сөзінше, Клинцы басшысы өзінің қызын саяхатқа жібермеуі керек еді деп жазады Рамблер сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Риа Новости

Көрнекі фото: Риа Новости

Брянск облысының губернаторы Александр Богомоз Клинцы қаласының әкімшілік басшысы Олег Шкуратовты "шенеуніктердің балаларын Түркияға қайырымдылық қордың ақшасына жіберді" деген жанжалдан соң тексеруде.

Богомаз "Говорят Москва" радиосында саяхаттауға барған 50 баланың 10-ы мемлекеттік қызметкерлердің ұл-қыздары екендігін растады.

"Иә, 10-ы шенеуніктердің балалары. Оның өзі жағдайы орташа лауазымды тұлғалардың ұл-қыздары. Бұлар халықты қорғау мен білім беру саласында, полицияда жұмыс істейтін қызметкерлер. Соның ішінде қала әкімшігі басшысының қызы да бар. Ол өзінің қызын жібермеуі керек еді", - дейді Александр Богомоз.

Богамаздың айтуынша, аталған қайырымдылық қор ұйымдастырған саяхатқа "Юнармия" әскери-патроиоттық ұйымның мүшесі де қатысқан.

Ата-аналардың шағымынан соң прокуратура тексеруді бастаған.

"Балаларды шетелге сапарға шығару үшін арнайы іріктеу ұйымдастырылмаған, осыған байланысты қолжетімділік қағидасы сақталмапты", - деп хабарлады прокуратура.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Кедейлердің ақшасына қыдырған шенеуніктің балалары ұятқа қалды