Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында "Тараз HUB" IT-орталығы ашылды

Опубликовано:

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзаметов және «Taraz Іnvest» орталығы басшысы Дамир Егізбаевтың қатысуымен «Тараз HUB» IT-орталығының» ашылу салтанаты өтті. Аталмыш орталық «Тараз» ӘКБ АҚ мен «Benediximus» компаниясының бірлескен жобасы болып табылады.

Таразда «Тараз HUB» IT-орталығының» ашылды

«Тараз hub» IT-орталығына стартап компания ашуға ниетті кез-келген адам келіп, көмек сұрай алады. Мұнда 20 стартап компанияға арналған орын бар. Қазірдің өзінде 8 компания тіркеліп, өз жұмысын бастап та кеткен. Мәселен, жақында ғана Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы байқауының «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған, біздің серіктесіміз, «Novacom Technology» ЖШС. Құрылғанына көп бола қоймаған компанияның «Taraz Іnvest» орталығымен бірлесе орындаған жобалары жетерлік.

Таразда «Тараз HUB» IT-орталығының» ашылды

Таразда «Тараз HUB» IT-орталығының» ашылды

Сондай-ақ, «Enactus Dulati» командасы да тың идеяларын ортаға салып, жарамды жобалары жақында қаржыландырылуы мүмкін. Айталық, жас кәсіпкерлердің көмірді алмастыратын және одан сегіз есе арзанға түсетін отындары өңір басшысының қызығушылығын тудырып отыр. Ал, «Intellect soft» және «Logitech» серіктестіктері жаңа бағдарламалық қамтамасыз ету мен софттарды әзірлеуде.

Орталықта бұдан да өзге қызмет түрлерін ұсынады. Яғни, мұнда барлық жастағы адамдарды IT саласындағы жаңа технологияларға, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге үйрететін болады. Оқытушылардың біліктілігін арттыру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жұмыстары жүргізіледі Коворкинг аймағында заң және бухгалтерлік салалары бойынша жұмыс орындары ұсынылмақ.

Таразда «Тараз HUB» IT-орталығының» ашылды

Ақпараттық орталықта IT-технологиялар бойынша жаңа буын мамандары дайындалатын болады. Онымен қоса, бұл орталық стартап-мәдениетті дамытуды өз міндеттерінің қатарына қосып отыр. Жаңа жылдан бастап орталықта 700-ден астам информатика пәні мұғалімі 3D-модельдеу және робототехника бағдарламасы бойынша оқытылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, хаб баламалы энергия көздерін өндіру үшін жабдықтар жасаудың жаңа тәсілдері әзірленетін орын болуды көздеген.

Жаңадан ашылған «Taraz Hub»-тың негізгі мақсаты мен міндеті облыс экономикасын нығайту үшін жоғары технологиялық жобаларды құру болып табылады. Хаб жобасының жалпы құны 250 миллион теңгені құрайды. Ал аталған істің аясында 15 жаңа жұмыс орындары ашылады. Сондай-ақ, онда 50 жұмыс орны бар 15 стартап компанияны орналастыруға жағдай жасалып отыр.

Таразда «Тараз HUB» IT-орталығының» ашылды

Қазірдің өзінде орталықта жақында жүзеге асырылған дайын жобалар, сондай-ақ инвесторлардан қаржыландыруды талап ететін жобалар бар. Соңғылары энергетика және экология сияқты жаһандық салалармен тығыз байланысты болғандықтан келушілердің қызығушылығын тудырып отыр деуге болады.

Taraz Hub IT-орталығының директоры Нұрсұлтан Темірхан жаңа орталықтың жұмысымен өңір басшысы танысқаны туралы айтты. Әкімнің сөзінше, Жамбыл облысында енді ІТ-индустрияның дамуына үлкен жол ашылады екен. Орталық басшысының айтуынша, «Taraz Hub» алдағы уақытта барлық жастағы адамдарды IT-саласындағы жаңа технологияларға, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге үйретеді. Бизнес инкубаторда түрлі шеберлік сағаттары, бизнес-тренингтер өтеді. Қазірдің өзінде осында өз жобаларын жүзеге асырып жатқан жастар жетерлік.

Ал «INTELLECT SOFT» компаниясының басшысы бүгінде орталықтың «Enactos Dulati» компаниясының жаңа отын түрін ойлап табу жобасын қолдап жатқанын айтты. Оның сөзінше, жаңа отын көң және өзге де қалдықтардан құралады. Қуаты көмірмен деңгейлес жаңа отынның құны көмір бағасынан 8 есе төмен екен.

Нұрасыл Садықов қазірдің өзінде оны Жамбыл ауданы Өрнек ауылындағы бірқатар тұрғындар үйлерін жылыту үшін көмірдің орнына пайдалануда екенін айтады. Орталықтағы мамандар баламалы энергия көздерін өндіруге арналған қондырғылар, робототехника құрастыруда тың жетістіктерге жету жолында еңбектенуде екен. Айта кету керек, қазір дәл мұндай орталық тек елордамыз Астана қаласында бар. Екінші болып Таразда ашылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1769919-zambyl-oblysynda-taraz-hub-it-ortalygy-asyldy/

pixel