RU
Сүйген жігіт бетіне қышқыл шашып жіберген модель бетіне 200 рет ота жасаған

Сүйген жігіт бетіне қышқыл шашып жіберген модель бетіне 200 рет ота жасаған

Рассказать Вконтакте

90-шы жылдар соңында Элеонора Кондратюк Ресейдегі ең әдемі қыздардың бірі болып саналатын. Алайда, асқан сұлулығы мен танымалдылығы мінсіз аруға тек қайғы-қасірет алып келді. Болашағына жоспары көп болған бойжеткеннің өмірі бір-ақ күнде өзгеріп кеткен. Бұрындары ел назарында жүретін әйел жылдап елге көрінбеуге тырысқан деп жазады woman.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Кезінде еркек атаулыны естен тандырған модель мұндай күйге өзіне ессіз ғашық ер адамның кесірінен душар болған. Сезіміне жауап ала алмаған жігіт хас сұлудан кек алмақ болып, оның бетіне қышқыл шашып жіберген.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Бір мезетте сұлулық байқауларында топ жарып жүрген ол нағыз құбыжыққа айналып шыға келді. Қиын жағдайға тап болған Элеонора өз келбетін қайтару үшін 200-ден астам пластикалық отадан өткен. Бірнеше жыл бойы ел алдына шығудан ұялған әйел, бүгінде алдына қойған мақсатына жетті.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Аса ауыр операцияларды еңсерген арудың жеке өмірінде де жаңалықтары бар болып шықты. Сол жантүршігерлік оқиғадан кейін жүрегінің жартысын табудан үміті мүлде үзілген Элеонора, өмірлік серігін кезіктерген.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

"Қазіргі таңда, мен Чехияда емімді жалғастырып жатырмын. Тағы бір ота жасалынуы тиіс. Алайда, көзімнің көрмей қалу қаупі бар. Бірақ, мен мықтымын. Бәрінен өтуге дайынмын, себебі мен енді жалғыз емеспін. Жақында отбасын құрдым. Менің жұбайым нағыз тағдырдың сыйы. Ол үнемі қасымнан табылады. Мен бақыттымын" , - деді Кондратюк.
Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel