RU
"Алматы" телеарнасы эфирінің маржаны – "Інжу-маржан" бағдарламасы
Жаңалықтар Қоғам

"Алматы" телеарнасы эфирінің маржаны – "Інжу-маржан" бағдарламасы

Рассказать Вконтакте

"Алматы" телеарнасы эфирінің маржаны – "Інжу-маржан" бағдарламасы. 2015 жылдың қазан айынан бастап табысты жұмыс істеп келе жатқан бұл жоба маңызды үш міндетті орындап келеді. Атап айтқанда, бағдарлама халық музыкалық өнері мен дәстүрлерін насихаттайды және қазақ халқының тарихы мен мәдениеті туралы әңгімелейді, сондай-ақ, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің экспонаттарымен таныстырады.

"Алматы" телеарнасы эфирінің маржаны – "Інжу-маржан" бағдарламасы

Бағдарламаның түсірілімі де дәл осында – қазақ халқының, сондай-ақ, басқа да елдердің музыкалық аспаптарынан құралған бірегей коллекция жиналған қазыналы орында өтеді. Ал жүргізуші – музей директоры Ұлжан Байбосынова.

"Алматы" телеарнасы эфирінің маржаны – "Інжу-маржан" бағдарламасы

"Алматы" телеарнасының көрермендерінің көңілінен шыққан жоба Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асуда.

Бағдарлама "Алматы" телеарнасының эфиріне әр сенбі күні сағат 11:30-да шығады. Бұл – барлық өңірдегі тұрғындардың Қазақстанның заманауи орындаушылары орындайтын ұлы музыкалық туындыларды тамашалау үшін экран алдына жайғасатын уақыт деуге болады.

Бағдарламаға қатысушылар халық аспаптарында ойнап, ән салып қана қоймай, сұхбат форматында да өздеріне атақты күйші мен жыршы шығармашылығы қалай әсер еткенін, салт-дәстүрді сақтау, қазақ фольклорының алтын қорын көбейту және оны болашақ ұрпаққа жеткізу қаншалықты маңызды екенін айтады.

"Алматы" телеарнасы эфирінің маржаны – "Інжу-маржан" бағдарламасы

Үш жылдан астам уақытта 150-ден астам шығарылым көрсетілген. Осы уақыт аралығында бағдарламаға қонаққа атақты күйшілер Сержан Шакрат, Мұхамеджан Тілеуханов, белгілі әнші Қажыбек Бекбосынов секілді елге танымал азаматтар келді.

Ал, жобаның "Жәдігер" айдарында көрермендерге Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайы экспонаттарының тарихы туралы баяндалады.

Музейдегі экспозицияда 300-ге жуық музыкалық экспонат қойылса, қорда олардың екі мыңға жуығы сақталған. Бұл Құрманғазы, Біржан сал, Жамбыл Жабаев, Абай Құнанбаев және Дина Нұрпейісоваға тиесілі аспаптар болып табылады. Аспаптардың барлығы да өз иелерінің – қазақ халқының ұлы өкілдерінің энергетикасын әлі күнге дейін сақтап келеді.

"Алматы" телеарнасы эфирінің маржаны – "Інжу-маржан" бағдарламасы

"Інжу-маржан" бағдарламасы қазақстандықтардың мәдени дамуына үлкен үлес қосып келеді. Бұл жоба арқылы телеарна көрермендері мемлекет тарихымен жанасатын өнерге жақындай түседі. Ал бұл рухани даму жолында келе жатқан ел үшін өте маңызды.

"Алматы" телеарнасы эфирінің маржаны – "Інжу-маржан" бағдарламасы

Музей директоры әрі бағдарлама жүргізушісі Ұлжан Байбосынованың айтуынша, жоба "Алматы" телеарнасында шыққаннан кейін мұражайға келушілердің ағыны бірнеше есеге көбейген. Әсіресе, жастар мен аға буынның қызығушылығы артып келе жатқанын байқалады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel