RU
Ештеңе жақпайды: Қызылордалықтар өңірде сағат ауысуына қарсы шықты
Жаңалықтар Қоғам

Ештеңе жақпайды: Қызылордалықтар өңірде сағат ауысуына қарсы шықты

Рассказать Вконтакте

Қызылордалық тұрғындар өңірдегі уақыттың ауысқанына наразылық білдіруде. Zellokyzylorda парақшасында көпшілік кешкі 19:00-ден (ред: бұрынғы 20:00) кейін қоғамдық көліктерді ұзақ күтетінін, сабақтан қайтқан балалардың қиындыққа тап болғанын жарыса жазуда деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото:sn.kz

Фото:sn.kz

Таяуда ғана сағат тілі артқа жылжыған Қызылорда облысының тұрғындары күннің ерте бататынын айтуда.

"Баламыз мектептен 19 сағат 15 минутта шығады. Ол бұрынғы уақытпен санағанда 20 сағат 15 минутта қараңғы батып кетеді. №4 бағыттағы көліктер келмей, баламыз ұзақ күтіп қалған. Үйге тоңып, жылап келді", - деп жазады жергілікті тұрғындардың бірі.

Сондай-ақ қызылордалықтар төменгі сынып оқушыларының жағдайына алаңдаушылық білдіреді.

"Бастауыш сыныптың балаларына обал болды. Кешке сабақтан шығамын дегенше, күн батып кетеді", "Балалар түгілі өзімізге қиын болды ғой", "Жұмыстан шықсақ, маршрут тоқтап қалады. Сағаттың қазіргі уақытпен 19:00 екеніне (ред:бұрынғы 20:00) қарамастан, аялдамада ұзақ тұрамыз" деп пікір білдірді Қызылорда тұрғындары.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысында 20 желтоқсаннан 21 желтоқсанға қараған түні сағат 00:00-де жергілікті уақытты бір сағатқа артқа жылжытылған болатын.

Сіздің реакцияңыз
12
1
1
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel