RU
Жұмыртқаны қолдан істеген қытайлықтар әлемді таңғалдырды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жұмыртқаны қолдан істеген қытайлықтар әлемді таңғалдырды

Рассказать Вконтакте

Аспан асты елінде кез келген нәрсені қолдан жасап шығарады. Әзірге олар тек мал шаруашылығы өнімдерін қолдан жасап шығармаған қытайлықтар жұмыртқаның жасанды түрін ойлап тапқан деп хабарлайды NUR.KZ.

bigpicture.ru

Фото:bigpicture.ru

Жасанды жұмыртқаны оңай ажыратамын деп ойласаңыз, қателесесіз. Оның сырты да, іші де шынайы жұмыртқамен бірдей. Тіпті иісі мен дәмі де шынайы жұмыртқадан айнымайды. Дегенмен тағам ретінде мұндай жұмыртқалар адам денсаулығына зиянды болуы мүмкін.

Фото:bigpicture.ru

Фото:bigpicture.ru

Жұмыртқаның ең алдымен сарысы жасалады. Ол үшін шеберлер консистенциясы жағынан шынайы жұмыртқаға ұқсас химиялық зат пайдаланады. Ол түссіз болғандықтан, оны химиялық бояулардың көмегімен сары түске бояйды. Боялған зат дөңгелек кейпіне енуі үшін дөңгелек пішіндерге құйылады.

Фото:bigpicture.ru

Фото:bigpicture.ru

Сарысы қоюланған кезде жұмысты жалғастыруға болады. Жұмыртқаның ішкі бөлігін көмірқышқылды калийдің ішіне салады. Сонда оның сыртында мөлдір қабықша түзіліп, гелдің ағып кетуіне жол бермейді.

Фото:bigpicture.ru

Фото:bigpicture.ru

Жеке қалыпта жұмыртқаның жасанды ағы мен сарысымен қосылады. Бұған дейінгі жұмыс химия сабағының қарапайым дәрістері десе болады. Нағыз өнерді жұмыртқаның қабығын жасаған кезде тамашалауға болады.

Фото:bigpicture.ru

Фото:bigpicture.ru

Жұмыртқа қабығы парафин, гипс ұнтағы және калий корбонатының қосындысынан жасалады. Шебер қоспаны бірқалыпты, дәл жағуы тиіс. Бұл өте жауапкершілікті жұмыс, себебі бұл жұмыс өнімнің сыртқы келбетіне әсер етеді.

Фото:bigpicture.ru

Фото:bigpicture.ru

Жұмыртқа қабығы кеуіп, берік болған кезде базарға барып "үй" өнімін аңғал сатып алушыларға ұсынуға болады.

Фото:bigpicture.ru

Фото:bigpicture.ru

Жұмыс нәтижесі таңғаларлық, өмір бойы қожалықта істеген адамның өзі шынайы өнімді қолдан жасалғаннан ажырата алмайды.

Сіздің реакцияңыз
2
10
34
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel