RU
Немересімен бірге үш тілде ән шырқаған Түркіменстан президенті жұртты сүйсінтті (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Немересімен бірге үш тілде ән шырқаған Түркіменстан президенті жұртты сүйсінтті (видео)

Рассказать Вконтакте

Түркіменстан президенті Гурбанғұлы Бердімұхамедов Жаңа жылдық кешке арналған салтанатты жиынға қатысты. Онда мемлекет басшысы немересімен бірге үш тілде ән шырқаған деп хабарлайды "Орталық Азия" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: "Орталық Азия" жаңалықтар қызметі

Фото: "Орталық Азия" жаңалықтар қызметі

ТДХ басылымының мәліметтері бойынша, шараға Министрлер кабинеті төрағасының орынбасарлары, мәжіліс, әскери және құқық қорғау органдарының, министрліктер мен салалық ведомстволардың, қоғамдық ұйымдардың басшылары, елде тіркелген дипломатиялық өкілдіктер мен миссиялардың басшылары, көрнекті мәдениет қайраткерлері, өнер шеберлері жиналған.

Мемлекет басшысы жиналғандарды келе жатқан мерекемен құттықтап, аяқталған 2018 жыл қазіргі тарихтағы тағы бір белеске айналғанын атап өткен екен. Оның сөзінше, "Түркіменстан − Ұлы Жібек Жолының жүрегі" ұранымен өткен осы жыл елдің жетістіктері мен әлемдік аренадағы жоғары беделін айғақтайтын көптеген оқиғалармен ерекшеленіпті.

Сондай – ақ, Түркіменстан басшысы алдағы жылға ұлттық экономиканы нығайтуға, ғылым, білім беруді, денсаулық сақтауды, әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған ауқымды жоспарлар мен міндеттер белгіленгенін айтқан. Мұның бәрі түрікмен халқының әл-ауқатын арттыруға ықпал ететінін айта келе, Бердімұхаммедов қатысушыларға бақыт, отбасылық игілік және еңбекте үлкен табыс тілепті.

Артынша Түркіменстан президенті немересі Керімғұлы Бердімұхамедовпен бірге түрікмен, ағылшын ждәне неміс тілдерінде жазылған жаңа "Arzuw" әнін орындап, жұрттың сүйіспеншілігіне бөленген екен.

Сіздің реакцияңыз
4
2
0
0
1
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel