RU
Өзбекстанда Ислам Каримовтың оққағары қамауға алынды

Өзбекстанда Ислам Каримовтың оққағары қамауға алынды

Рассказать Вконтакте

Ислам Каримовтың бұрынғы оққағары Муиджон Тохирийге Өзбекстанның құқық қорғау органдары жемқорлықпен айналысты деген айып тағып отыр. Бұл туралы Сa-news.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

ca-news.org

Көрнекі фото:ca-news.org

"Бұл қылмыстар оның мемлекеттік кеден комитетіндегі істерімен байланысты", - деді дереккөз.

55 жастағы генерал-майор Муиджон Тохирий мемлекеттік кеден комитетінің төрағалығынан 2018 жылдың 13-ші ақпанында кеткен болатын.

Жыл басында президент тапсырысы бойынша бас прокуратура мемлекеттік салық және кеден комитеттерінде ауқымды тексерулер жүргізгені хабарланған болатын.

Муиджон Тохирий 2016 жылдың 20-шы желтоқсанынан 2018 жылдың 13-ші ақпанына дейін, 13 ай бойы комитетте төрағалық еткен.

Ислам Каримов басқарған кезде Муджон Тохирий Өзбекстан президентінің қауіпсіздік қызметінің басшысы қызметін атқарған.

2006-2008 жылдары ұлттық қауіпсіздік қызметінің төрағасының орынбасары болып, 2008-2010 жылдары қауіпсіздік кеңесінің төрағасының орынбасары, ал 2010-2011 жылдары Ислам Каримовтың мемлекеттік кеңесшісі ретінде құқық қолдану, әлеуетті және фискалды ведомстволардың үйлестіру жұмыстарына жауап берген.

Марқұм тұңғыш президенттің қызы Гүлнар Каримованың сөзінше, 2014 жылы оның үйіне жасалған тінтуді Муиджон Тохирийдің өзі бастаған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
1
0
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel