RU
Араққа тойып алған жүргізуші полиция қызметкерін көлігімен 40 метрге сүйреп кеткен

Араққа тойып алған жүргізуші полиция қызметкерін көлігімен 40 метрге сүйреп кеткен

Рассказать Вконтакте

Өзбекстанның Сырдария облысының тұрғыны тоқтауға бұйрық берген полиция қызметкеріне бағынбай, оны 40 метрге сүйреп кеткен деп хабарлайды СA-News сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: 64parallel.ru

Көрнекі фото: 64parallel.ru

Өзбекстанның ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 21 желтоқсан күні Сырдария облысының Гүлстан ауданында орын алған.

Жол-патрульдік полициясы қызметкері Намуна көшесінде "ВАЗ-2106" көлігін тоқтатып, құжаттарын талап еткен. Құжаттарын тексеріп жатқанда, жол сақшысы көлік жүргізушісінің ішімдікке сылқия тойып алғанын байқаған.

Осыны сезген жүргізуші көлігімен қаша жөнелгенімен, полиция қызметкері есігіне жабысып үлгеріпті.

Жол сақшысының бұйрығына бағынбаған жүргізуші, оны 40 метрге сүйреп кеткен.

Нәтижесінде полиция қызметкері жарақаттанып, ауруханаға жатқызылды.

Ал "ВАЗ-2106" көлігінің иесі ұсталды.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel