RU
СІМ: Индонезиядағы цунамиден зардап шеккендердің ішінде қазақстандықтар жоқ
Жаңалықтар Қоғам

СІМ: Индонезиядағы цунамиден зардап шеккендердің ішінде қазақстандықтар жоқ

Рассказать Вконтакте

Индонезияда болған табиғи апаттан қаза тапқандар ішінде қазақстандықтар жоқ деп хабарлайды Қазақпарат.

Фото:rusnext.ru

Фото:rusnext.ru

"Біздің консулдық қызмет жергілікті төтенше жағдайлар органдарының өкілдерімен тікелей әрі тұрақты байланыста. Бүгінгі таңда табиғи апат салдарынан зардап шеккен немесе опат болған қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ. Десе де, біз әлі де байланысты ұстап отырмыз. Бұл - Индонезиядағы ең үлкен апаттардың бірі екені анық", - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, өткен сенбі күні кешкісін Индонезияның батыс бөлігіндегі Зонд бұғазы жағалауында цунами болып, соның салдарынан 280-нен аса адам қаза тапқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
2
1
3
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel