Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

25 желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал

Опубликовано:

Бүгін бұрын не ексеңіз, соның жемісін жейсіз. Қуаныштарға шынайы қуанып, ренжімей қортынды шығара білу керек. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 25-ші желтоқсанға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

cosmo.ru
Көрнекі фото:cosmo.ru: Facebook

1. Тоқты

Бүгін қай аяғыңызбен тұрсаңыз, көңіл-күйіңіз сондай болады. Оң аяқтан тұрсаңыз күн көңілді және белсенді өтеді. Сол аяқтан тұрған болсаңыз, кез келген қолайлы істі насырға шаптырасыз.

2. Торпақ

Бүгін сізді ұйқы басады, тіпті литрлеп ішкен кофе көмектесе алмайды. Сондықтан әдеттегіден көбірек ұйықтаудың мүмкіндігі туса, өзіңізді шектемеңіз. Күні бойы өзіңізге қиын тапсырмалар қоймаңыз, одан да демалыңыз.

3. Егіздер

Бүгін жаныңыздың мерекені қалағаны соншалық, жаңашылдыққа әзір боласыз. Дегенмен, мұнымен сақ болған жөн. Бүгін әдеттегі мінез-құлығыңызды ұстанған жөн.

4. Шаян

Бүгін күш-жігеріңіз артады. Біреу көңіл-күйіңізді түсірмесе, күн сәтті өтуі мүмкін. Бұл жұлдыз астында туылғандар көптеген жағымды сезімдерді сезініп, айналадағылармен бөлісулері мүмкін. Сонымен қатар қомақты ақша сомасын табудың жолы табылады.

5. Арыстан

Бүгін достарыңыз бен туыстарыңыздың жабырақаттығы ашуыңызға тиеді. Тіпті асығатын ештеңе болмаса да, бәрін қузап отырасыз. Айналадағылардың ренжітіп алмас үшін асханадағы істермен айналысыңыз, сонда ойыңыз басқаға бөлінеді.

6. Бикеш

Бүгін шектен шығуға әуес боласыз. Сауда орталығына кіріп қажетсіз заттарды қаптатып алып аласыз. Сонымен қатар тамақта да қомайғайлығыңыз оянуы мүмкін. Сондықтан сізді біреу тоқтатпаса, салдары жаман болуы мүмкін.

7. Таразы

Бүгін күшіңіз сарқылады, себебі сіз тым көп жұмыс істеп қойдыңыз. Сондықтан сізді қанша жұмысқа итермеселе де, бұдан түк шықпайды. Бірақ құр жата бермей, достарыңыз бен жақындарыңызбен араласуға уақыт бөліңіз.

8. Сарышаян

Қаншалықты жоспарға сай әрекет етуге тырыссаңыз да, бұл ойыңыздан түк шықпайды. Көптеген кедергілер пайда болады немесе достарыңыз мазаңызды алады немесе тіпті туыстарыңыз қонаққа келіп қалады. Сондықтан уайымдамай, тынығыңыз.

9. Мерген

Бүгін басқалардың жағымсыз істеріне ренжімеңіз. Жамандыққа жамандықпен жауап берудің қажеті жоқ. Бүгін өзіңізге қандай сый көрсеткенін қаласаңыз, басқаларға тура сондай қарым-қатынас жасаңыз.

10. Тауешкі

Бүгін міндетті түрде жолыңыз болады. Бірақ қай салада екені өзіңізге байланысты. Саяхаттап жүрсеңіз, тым белсенділік танытудың қажеті жоқ. Жағымды тосынсыйлар міндетті түрде болады. Ал үй шаруасымен айналысып жүрсеңіз, өзіңізді тым қатты қажытпаңыз. Өмір бәрін өзі реттейді.

11. Суқұйғыш

Бүгін алдыңызға көп жоспар құрасыз. Сондықтан күшіңіз әбден сарқылады. Сондықтан біраз тынығу артық етпейді.

12. Балықтар

Бүгін басқалардың ғана емес, өзіңіздің де іс-әрекеттеріңізге көңіліңіз толмайды. Бұған себеп те табылады, не істесеңіз де оң нәтиже ала алмайсыз. Күн сәл де болса сәтті өтуі үшін көбірек күлімдеп, қуану керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1770062-25-zeltoksanga-arnalgan-zldyz-zoramal/

pixel