RU
Меруерт Түсіпбаева "сырға салуға" ішін ашып келген Айсәуле Бақытбекті сынап тастады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Меруерт Түсіпбаева "сырға салуға" ішін ашып келген Айсәуле Бақытбекті сынап тастады

Рассказать Вконтакте

Меруерт Түсіпбаева "сырға салу" рәсіміне ішін ашып келген Айсәуле Бақытбекті сынға алды. Әнші өміріндегі айтулы күндердің біріне шалбар киген бойжеткенге қатысты ойын ашығынан жеткізді деп жазады "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ

Түсіпбаева танымал продюсер қызының ата-енесінің алдына ашық образбен шыққанына шүйліккен.

"Құдай сақтасын. Мен өз қызыма мұндайды рұқсат етпес едім. Меніңше, ұзату мен сырға салу - қазақтың інжу-маржаны. Ол - ата-бабамыздан қалған мұра. Қашан болса да, мен мұндайға көнбейтін едім. Оның бұл әрекетіне мүлде келіспеймін.
Киіну мәдениетімізді осындай айтулы күндерде көрсетпесек, онда қазақ болмасын. Орыс па, еуропалық па болсын. Кіндігін ашу деген тіпті менің миыма сыймайды. Мен ойлаймын, бұл анасынан кеткен олқылық. Себебі, қыздардың тәрбиесі анасына тікелей байланысты" , - деп қайырды Меруерт Түсіпбаева.
Сіздің реакцияңыз
12
2
2
3
0
81
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel