RU
Шығыс Қазақстан облысында тұтқындалған аудан әкімі ЕҰУ ректорының інісі болып шықты
Жаңалықтар Қоғам

Шығыс Қазақстан облысында тұтқындалған аудан әкімі ЕҰУ ректорының інісі болып шықты

Рассказать Вконтакте

Еуразиялық ұлттық университеттің ректоры Ерлан Сыдықов сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен тұтқындалған Шығыс Қазақстанның Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықовтың туған бауыры екенін мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

t.me/yyedilov/enu.kz

Коллаж: t.me/yyedilov/enu.kz

"Ол менің туған інім, ол 61 жаста", - деді Ерлан Сыдықов.

Ректор ағасының техникалық ғылымдардың кандидаты, өндірісте үлкен тәжірибесі бар кенші, шахтер екенін атап өтті. Мемлекеттік қызметке арнайы шақырту арқылы орналасыпты.

Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов ағымдағы жылдың қараша айының басында тұтқындалған болатын.

Сыдықов кәсіпкерден 800 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Бұл ақшаға шенеунік жер учаскесін ұзақ мерзімді жалдау құқығын қайта тіркеу туралы мәселені шешіп беру үшін талап етіпті.

Сіздің реакцияңыз
6
2
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel