RU
Ақтөбеде ер адамды аяусыз соққыға жыққандар видеоға түсіп қалған

Ақтөбеде ер адамды аяусыз соққыға жыққандар видеоға түсіп қалған

Рассказать Вконтакте

WhatsApp месседжерінде бір топ жігіттің біреуді аяусыз соққыға жығып жатқан видео таралып жатыр. Видеодағы сөздерден оқиға Ақтөбе қаласында болғанын түсінуге болады. ІІМ-гі бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Видеода жәбірленуші көрінбейді. Бірақ бір топ жігіттің қолына түскен затпен оны соққылап жатқанын анық көруге болады. Бөтелке, пышақ, тіпті орындықпен де соққы жасалады. Ал кейбір жігіттер осының бәрін телефондарына түсіріп тұрған.

ІІМ-нің сыртқы жәні ішкі коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев видеоға қатысты пікір білдірді.

Ведомство өкілінің сөзінше, оқиға шынымен 23-нен 24-ші желтоқсанға қараған түні Ақтөбе қаласында орын алған. Бір топ жігіт жергілікті тұрғынды соққыға жыққан. Жәбірленуші көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Садубаевтің айтуынша, полицейлер қылмыскерлер ізін суытпай тұрып, оларды құрықтаған.

"Олар адам өлтіруге оқталды деген күдікпен тұтқындалып, уақытша ұстау абақтысына жеткізілді", - деді департамент басшысы.

Қазіргі таңда тергеу аясында оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel