RU
Түркістан облысындағы той адам өлімімен аяқталды
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысындағы той адам өлімімен аяқталды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Шәуілдір ауылында өткен той адам қазасымен аяқталды. Үйіне жаяу қайтпақ болған жұбайларды көлік қағып кеткен. Оқиға орнында ер адам қаза тапса, әйел ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды "31" арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: 31 арна

Фото: 31 арна

Екі адамды бірдей қаққан жүргізуші оқиға орнынан бой тасалаған.

Адам өлімімен аяқталған жол апаты 1 желтоқсаннан 2-не қараған түні болған. Фарида Көбей күйеуінің қазасына әлі күнге көндіге алмай жүр.

Әйелдің айтуынша, ол күйеуімен бірге үйге жаяуң қайтап келе жатқан. Тойдан шыққан соң жұбайы жаяу қайтатынын айтыпты. Жолда Фарида алда, күйеуі оның арт жағында келе жатады.

Бір сәтте әйел қатты дыбыс пен соққыны естиді. Ал есін жинағанда оқиға орнынан қашып бара жатқан көлікті көреді. Фарида Көбей орнынан тұрып, көліктің түсіп қалған нөмерін алып, күйеуіне барады. Бұл сәтте оның жұбайы жан тапсырып үлгерген.

Әйел адам есін толық жинамастан, туыстарына хабарласа бастайды. Оқиға орнына алдымен оның қайын ағасы Өскен жетеді.

Өскеннің айтуынша, қашып кеткен көлік жүргізушісі түсіп қалған нөмерін алу үшін қайта келеді. Көлігінің нөмерін әйелдің қолынан көргенде оны күшпен тартып алғысы келген.

"Көлік жүргізушісінің жанында екі полиция қызметкері болған. Олар әйелден нөмерді беруді талап еткен. Бұл жүргізуші Талғат Тыныбеков. Ол лицей-интернатта орынбасар қызметін атқарады", - деді Бүркіт Сариевтің ағасы.

Ал Фарида Көбейдің айтуынша, өздерін қағып кеткен көлік жүргізушісі де тойда болған. Әйел оның көлікті мас күйінде жүргізуі мүмкін екенін айтты.

Сондай-ақ жәбірленуші тергеудің болмағанын айтады. Фарида Көбей өздерін қағып кеткен Талғат Тыныбаевтың ауылда танымал адам екенін айтады. Ол тіпті өзі жапа шектірген отбасыға келмеген екен.

Алайда өңірлік полиция департаменті қазір істің анықталып жатқанын айтып, сендірген.

Түркістан облысының мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің меңгерушісі Салтанат Қаракөзованың айтуынша, тергеу қылмыстық кодекстің 345-бабы (адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу) және 347-сі (оқиға орнынан бой тасалау) бойынша бір мезгілде жүргізіледі.

Сонымен қатар ер адамның сол күні ішімдік пайдаланған-пайдаланбағаны сараптамадан кейін анықталады.

Айта кетейік, Бүркіт Сариевтің артында төрт баласы қалды. Олардың екеуі әлі кәмелет жасына толмаған.

Дереккөз: 31 арна

Сіздің реакцияңыз
3
0
3
22
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel